Жаңалықтар 

«Оңтүстік Рабат» газетінің жаңа нөмірінен оқитындарыңыз

«Оңтүстік Рабат» газетінің ертең жаңа, №37 нөмірі жарық көреді. Басылмнан бас алмай оқитындар үшін айтар жаңалық көп. Ең бастысы бұл жолы газет өзінің жаңа жобасын жария етіп отыр. Ол «Ұлттық тағамдардың пайдасы» деп аталады. Осы айдар аясында нөмір сайын оқырманға қазы мен қартаның, қымыз бен шұбаттың, құрт пен айранның қаншалықты пайдалы екендігін баяндайтын боламыз. Ұлттық тағамдарымыздың құрамындағы дәрумендер және қандай ауру түрлеріне ем болатындығы да осы айдар аясында айтылмақ. Олай болса, «Ұлттық тағамдардың пайдасы» айдарын оқыңыз. Сонымен бірге: 1. Ауруханадан орын таппайсың не месе порталдың проблемасы; 2. Аукцион арқылы сатылатын жер телімдерінің…

Read More
Оқыс оқиға 

Есірткі тасымалдамақ болған жүкті келіншек ұсталды

Аяғы ауыр әйел облыс орталығына 20 келі көкнәр әкелмек болған. Осындай жолмен ол босанар алдында өзінің материалдық жағдайын жасап алмақ болса керек. Есірткі бизнесіне полицейлер дер кезінде тоқсауыл қойды.  Полиция қызметкерлері Жамбыл облысынан келе жатқан «Мерседес» көлігін Манкетте тоқтатты. Тәртіп сақшылары автокөліктегі жүк туралы шұғыл ақпаратпен құлақтандырылған еді. Салонда жүргізушіден бөлек үш жолаушы бар. Ал көліктің жүк салғышында көлемді сөмке жатыр. Жүргізуші сөмкенің Сайрам ауданының 25 жастағы тұрғынына тиесілі екендігін айтты. Енді ірі көлемдегі есірткі затын сақтап және тасымалдағаны үшін күдікті азаматша заң алдында жауап беретін болады. Қазір ол жүктіліктің…

Read More
Жаңалықтар 

1278 отбасы баспаналы болды

Жыл соңына дейін Нұрсат шағынауданында «Тұрғын үй» бағдарламасы аясында салынған 1278 пәтер пайдалануға беріледі. Бұл баспаналар 2008-2010 жылғы бағдарлама негізінде ипотека негізінде беріледі. Бұл көпқабатты үйдің іргетасы 2004 жылы қаланып, 2007 жылы аяқталуы тиіс болатын. Мердігер — Алматылық «Уық» компаниясы жұмысты аяқтамай, тастап кеткен. Шағынауданда осылайша, құрылысы аяқсыз қалған 30 үй бар. Өткен жылы жергілікті билік сол үйлердің құрылысын қайта жалғастыруды қолға алып, бюджет қаржысын талан-таражға салғандардың ісі сотқа жіберілді. Қабылдау комиссиясының ескертулерінен соң «ЮКС инжинеринг» ЖШС №127-ші көпқабаты үйдің құрылысын қайта жалғастырған. Құрылысшылар бұрынғы мердігердің жіберген кемшіліктерін жоя отырып,…

Read More
Жаңалықтар 

ОҚГИ студенттеріне білім гранттарын табыстады

Мардан Сапарбаев атындағы ОҚГИ-да «Білім күні» атап өтілді. Ел болашағы жастарға баса назар аударатын оқу орнының басшылығы студент атанған кешегі мектеп түлектеріне тағылымы мол шаралар ұйымдастырып берді. Сонымен қатар жетім студенттер мен спортта жетістікке жеткендерге институттың білім гранттары табысталды. Мардан Сапарбаев атындағы ОҚГИ оқу жылын білім гранттарын тапсырудан бастады. Мұнда жыл сайын ондаған жастарға оқуға жеңілдік қарастырылады. Биыл да оқу орны бұл дәстүрден танбады. Бұл мақсатқа институт қаржысынан 3 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Төлемақыдан жеңілдік алған студенттердің бірі — Аяулым Төленова. Ол спорт факультетінің бірінші курс студенті. Болашақта ару…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкенттік жастар өз еріктерімен қан тапсырды

Бүгін шымкенттік жастар тағы бір игілігі мол, қайырымдылық шараның бастамашысы болды. Анығырақ айтсақ, облыстық қан орталығына жиналған жастолқын өміріне араша сұраған жандарға көмек қолын созды. Өңіріміздегі жоғарғы оқу орындарының 64 студенті мұқтаж жандарға қан өткізіп, замандастарына үлгі көрсетті. «Жақыныңа жәрдемдес» атты акция аясында жүргізілген бастамаға жастардың өздері ұсыныс білдірген. Айта өтейік, жастардың мұндай маңызы мол шараға белсене атсалысуына «Шымкент жастары» мемлекеттік коммуналдық мекемесі ұйытқы болып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, олардың өз еріктерімен қан тапсыруы алдағы уақытта жалғасын табады. Ерлан Айтбаев, «Шымкент жастары» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры: «Ия, адам өміріне араша болу –…

Read More
Халық жаңалығы 

Ресейдің үлкен циркі Шымкентте

Ресейдің үлкен циркі Шымкентке келді. Күлкілі сайқымазақтар мен акробаттар, үйретілген аңдар циркке келгендердің көңілін көтеріп тастады. Арнайы шоу-бағдарламалар ұйымдастырған ресейлік әртістер бұл күні ұтыстар да ойнатты. Ұмытылмас әрі қызықты шоу шымкенттіктерді цирк өнерінің өлкесіне жетектей әкетті. Нәзіктік пен сұлулықтың сырын ұқтырған әуе гимнастарының өнері жиналғандарға керемет әсер сыйлады. Әсіресе әуе жонглері Юрий Ермоловтың ерекше әрекеті әлемде теңдесі жоқ. Юрий Ермолов, цирк әртісі: «Мен әлемнің көптеген елдерін араладым. Шымкенттегі цирк ғимараты керемет екен. Мұнда өнер көрсету өте ыңғайлы. Көрермендер де өнерге деген сүйіспеншілігін жасырмайды. Сондықтан айтар алғысым мол.» Үйретілген жануарлар цирк…

Read More