Ауызсудан ауру көп

ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы берген мәлімет бойынша қара су көп адамға ауру дарытыпты
ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы берген мәлімет бойынша қара су көп адамға ауру дарытыпты

ОҚО бойынша ауызсудың зардабын тартып отырған аудандар баршылық. Сапасы нашар су көздері түрлі аурудың таралуына себеп болуда. Мәселен, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы берген мәлімет бойынша қара су көп адамға ауру дарытыпты. Атап айтсақ, Мақтарал, Сайрам, Төлеби және Ордабасы аудандары дәл осы судан келетін сырқаттардың көшін бастап тұр.

Сапасы нашар ауызсудан бүгінде көп таралып отырған дерттің бірі – бүйрек аурулары. Деректерге сүйенсек, бүйрек ауруларының көрсеткіші соңғы 5 жылда 3%-ға өскен. Дәл осы сапасыз судың салдары күрделі емді қажет ететін ауруларға шалдықтырады.

Адам ағзасының 60-70%-ы, ал балалар ағзасының 80%-ы судан тұратынын ескерсек, таза суға жарымай отырған ауыл тұрғындарының саулығын пайымдай беріңіз.

Судың ластығы ағзада бірден сезілмейді, жылдар өте келе әр жеріңіз ауыратын болады. Буын аурулары, бауыр, жүрек, қантамыр ауруларының басым бөлігі сапасыз су құрамындағы элементтерге байланысты. Сондықтан суды тұтынар алдын, міндетті түрде оны тазартып ішу керек.

Біз тұрмыста суды түрлі тәсілмен тазартамыз. Алайда, оны қалай тиімді пайдаланып, жағымсыз әсерлерге қалай ұрынбау керектігін біле бермейміз. Су сүзгімен және сүзгісіз тазартылады. Бүгінде арнайы сүзгісі бар түрлі ыдыстар бар, сондай-ақ, сүзгі кран шүмегіне де орнатылады. Тазартудың бұл түрі кеңінен таралған.

Қайнамаған суды ішуге болмайтынын бала кезімізден білеміз. Қайнату әдісі судағы вирустар мен бактериялардан, микроорганизмдерді өлтіріп, ондағы төмен температуралы радион, аммиак секілді газдар мен хлордан арылу үшін қолданылады. Бұл әдіс белгілі бір дәрежеде суды тазартады, бірақ бұл процестің бірқатар жағымсыз әсерлері бар. Біріншіден, судың құрылымы өзгереді, яғни, қайнаған кезде оттегі буланып шығып кетеді де, өзі «өлі» суға айналады. Көбірек қайнатсақ, адам ағзасына титтей де пайдасы болмай қалады. Екіншіден, қайнаған кезде булану процесі жүріп, тұздар көбейе түседі. Олар шәйнек қабырғаларына қақ боп тұрып, қолданған сайын адам ағзасына түсіп отырады. Ал адам ағзасында жиналған тұздар, түрлі ауруларға буын ауруларынан бастап, бүйрекке тас жиналу мен бауырдың тасқа айналуы (цирроз), артсклероз, инфаркт ауруларына шалдықтырады.

Сонымен қатар көптеген вирус қайнау процесінен жеңіл өтеді, оларды жою үшін өте жоғары температура қажет. Оған қоса су қайнағанда одан газ тәрізді хлор бөлініп шығады. Бұдан шығатын қорытынды- пайдаланатын суды қайнатқаннан кейін біз ауыр металл, тұздары, хлор мен вирустары бар «өлі» су ішеміз. Сонда не істеу керек?

Тұндыру. Бұл әдіс суды хлордан ажырату үшін қолданылады. Ол үшін су құбырынан шелекке су құйып алып, бірнеше сағатқа қойып қояды. Араластырылмаған шелектегі судың түбінде хлор тұнады. Бұл тәсілдің тиімділігі сол, су құрамындағы түрлі заттар түбіне тұнып, әлдеқайда тазарады. «Өлі» судың пайдасы молырақ. Тағы бір әдіс бар. Көп мөлшердегі суды ыдысқа құйып, мұздатқышқа салып тастаңыз. Қойған суыңыз мұз болып қатқан соң, оны ерітіп ішсеңіз кристалданған таза су болып шығады. Мұндай су ауруға шалдықтырмайды деп айту қиын. Дегенмен құрамындағы зиянды бөлшектерден арылуға болады және өмірге аса қауіпті ауруларды болдырмайды.

Ақмарал МЫРЗАХМЕТОВА