«Азат» шағынауданы табиғи газбен толық қамтамасыз етіледі. Бұған дейін мұндағы 4 көшенің тұрғындары көгілдір отынды пайдалана алмай келген. Күні кешеден бастап осындағы қалған көшелерге газ құбырлары тартыла бастады. Бас мердігер «Жаңа Арна — 2002» ЖШС жұмыстарды жоспардағы мерзімнен бұрын тапсырамыз дейді. «Азат» шағынауданындағы Ақбастау көшесінің тұрғындары да қыс айларында көгілдір отынға қол жеткізетін болды. Қазір мұнда газ құбырларына қажетті тіреуіштер орнатыла бастады.
Бақыт Мұсаева, «Азат» шағынауданының тұрғыны: «Қанша күттік. Біздің Ақбастау көшесінде 40-50 үйдей газға қосылмай қалған еді.Енді міне, биыл ,құдай қаласа, газ жүйесі тартылуда. Қуанып едік, ауламызға кіргізгені үшін 45 мыңнан асады дейді.Өйткені газқұбыры 3 жекеменшік учаскеден өтеді екен. Мұнда тұрмысы нашар отбасылары тұрады. 50 мыңды әрең табады.»
Балжан Сағатова, «Азат» шағынауданының тұрғыны:»Газды биыл береміз деп жатыр,оған сеніңкіремеймін. Сондықтан қыста жағатын көмірімді алып қойдым.2 тонна -17 мыңға түсті».
Осыдан екі жыл бұрын шағынауданда құбыр жүргізуге жобалық-сметалық құжат әзірленгенде, 470 үйдей қалыс қалған еді. Қалалық ТҮКШ бөлімінің тапсырымен табиғи газды тарту жұмысымен «Жаңа Арна -2002» ЖШС айналысуға кірісті. Ұзындығы 23 мың шақырымға созылатын құрылыс жұмыстарының 174,8 млн теңге.
Айтжан Ысқақов , мердігер компанияның өкілі:»Нысанды келер жылы наурыз айында аяқтауымыз керек. Алайда біз осы ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.»
Мамандардың мәлімдеуінше, жұмыс жасауға барлық мүмкіндік бар. Техникамыз да мамандарымыз да сақадай сай дейді олар. Газ есептегіш құрылғылары-отандық-жергілікті кәсіпорында жиналыпты. Ал тұрғындардің ендігі тілегі — құрылыс сапалы жүргізілуі үшін партиялық бақылау назарын осында аударса, дейді. Қалалық мәслихаттың депутатты, осы шағынауданнан сайланған Нұркөз Жаңабаев газды әр үйге тарту ісінің құны қол жетімді болуын қадағаласа деп отыр.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=KahY7RiGpAs[/youtube]