Ауылға ауыз су келді. Баспа құдықтан су ішіп келген қала іргесіндегі «Бадам- 2» ауылының тұрғындары енді тәулік бойы суды пайдалануға мүмкіндік алды. Былтыр көрші Өзбекстаннан қоныс аударған қандастарымыз болашақта ауылымызды көгалдандырып көркейтеміз деп жоспарлауда. Жүйені жүзеге асыруда күрделіктер де кездескенін әкімдіктегілер жасырмайды. Айта өтейік, Сайрам ауданы Жұлдыз ауыл округіне қарасты 6 елді мекеннің төртеуі ауыз сумен қамтылған.
Сейдулла Ибишев, Сайрам ауданы Жұлдыз ауылдық округі әкімінің орынбасары: «Ауыз суды елдімекенге тарту ісінде күрделіктер болды. «Бадам-2» -ге 2009 жылы су жүйесі жүргізіле бастады. Құрылыс барысында мердігер мекеме кемшіліктер жіберіп, оны реттеуге қайта 2011 жылы кірісті. Мердігер Сайрам ауданындағы ЖКХ «Тазалық» мекемесі, нысан ЖКХ-ның меншігіне тапсырылған.
Қызмет көрсететін Сайрам аудандық тұрғын үй коммуналдық «Тазалық» мекемесі өз міндетін салғырт орындауына тұрғындар наразы. Ауыз суға қарық болған ауыл ағайындары құрылысты бастаған еді. Бірақ орнатылған жәшіктердегі құралдардан сорғалаған су үй іргетасына кері әсерін тигізуде деп дабыл қағуда.
Сапарәлі Мырзан, Сайрам ауданы «Бадам-2» ауылының тұрғыны: «Өздеріңіз көріп тұрсыздар, су ағып жатыр. Жинала менің салған үйіме нұқсан келтірмейді ме? Сонда кім жауап береді? Қаншама қаржы жұмсадым. Балансына алған мекеме барлығын тексеріп тұрмайды ма? Өзім жасай салайын демес, оған құқығым жоқ, сынса менен көреді ғой».
Мердігерлердің жұмысына көңілі толмаған көрші Жаңа талап аулының тұрғындары кезекті рет ақша жинауға бас тартқандығы жөнінде өткен аптада Сайрам әкімдігінде өткен кездесуде айтылған еді.
Талғат Керімбеков, Сайрам ауданы ТҮКШ бөлімінің бастығы: «Жаңа талаптықтар ақша жинаудан бас тартуда. Ауламыздағы баспа құдықтан су ішеміз. Жұмысты аяғына дейін жеткізбейтін мердігерлерге сенім жоқ дейді. Қазір орталықтандырылған су жүйесі бар, ал оны көшелерге тартып, аулаға кіргізіп беруде осындай күрделіктер бар».
Тұрғындар қаржыға жасалған жұмысты құрылысшылар сапалы атқарса дейді. Бұл орайда қателіктерге істі қабылдауда әкімдіктегілер да жауапты болса келеңсіздіктер орын алмас еді деген ұсыныстарын жа жеткізді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=9gTlfBcMCTQ[/youtube]