«Ел іші — өнер кеніші» республикалық байқауы Шымкентте жалғасты

902
"Ел іші - өнер кеніші" республикалық-телевизиялық байқау Шымкентте жалғасты
Қолөнер бұйымдар — өңір шеберлерінің талантын танытты

Халық арасынан танылмаған таланттарды қолдау. Шымкентте «Ел іші-өнер кеніші» атты республикалық-телевизиялық байқау ұйымдастырылды. Жобаға ҚР -ның Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйытқы болып отыр. Бүгінге дейін Маңғыстау, Тараз, Ақтөбе облыстарының өнерін тамашалаған төреші топ бұл күні Оңтүстік өнепрпаздарынның талантын таразылады. Қазылар алқасының төрағасы ҚР халық әртісі Алтынбек Қоразбаев. Бұл күні көрмеге қойылған қолөнердің барлығын халық арасынан шыққан шеберлер жасаған. Ұлттық болмысымыздан сыр шертетін бұйымдар бағасын елге танымал өнер майталмандары беруі тиіс. Сондықтан, жіті назар аударған қазылар алқасы Оңтүстікке сенім артып отырғанын жасырмады. Өнердің қаймағы бұзылмаған Оңтүстік жеңімпаз болады деген ойымыз бар, деп шегелеп айтқан қазылар пікірі өңір өнерпаздарын қанаттандырды.

Өңіріміздегі Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрының алаңынан басталған думанды кеш театрдың сахна төрінен де тамашаланды. Таланттардың басын қосқан шараға қарап қазақтың табиғатын тамашалады жиналған жұртшылық.  Ал Отырар ауданынан арнай келіп қатысқан Мірлан Мамбетақұнов 10 жылдан бері қолөөнердің қыр-сырын меңгеріп жүр. Бүгінгі республикалық байқауға өзінің ең таңдаулы еңбектерін әкеліпті. Қазылар алқасының қызығушылығын тудырған туындылар Мірланның шеберлігін танытса керек. Сондықтан Оңтүстіктің тарихы мен тағлымынан сыр шертетін қолөнерге разы болғандардың қарасы қалың болды бұл күні.

Мірлан Мамбетақұнов, шебер: “Иә, мен бұл байқау басталады дегеннен жасаған еңбектерімді дайындай бастадым. Мәселен мынау бұйым Қасиетті Құран Кәрім салынуға арналған арнай ағаш қоржын. Бұл бұйымды жасау үшін менің әжептеурім уақытым жұмсалды. Сондай-ақ көріп тұрған қабырға суреті де тамаша туынды. Алайда оның арқасын тоғызқұмалақ ойнауға арнап жасадым. Міне, сондықтан да мен жасаған қолөнерлерім сұранысқа ие. Айта өтетін маңызды жәйт – мен халқымыздың байырғы еңбектерін қайта жаңғыртып жүрмін. Ұмыт қалған бұйымдарды жасаудамын. Мәселен, жаныма жастар келіп “мынау не, анау не?” деп сауал тастайды. Барлығына да толығырақ түсіндіріп, білген мағлұматыммен бөлісуге тырысамын. Әрдайым Отырар ауданыныңатынан шығып, қасиетті мекеннің қолөнер бұйымдарын таныстырамын. Көрмеге келген халыққа көз алдында жасалу жолын да көрсетіп беремін. Мәселен, ер тұрман, темір белдік, мынау тұрған шахмат, сондай-ақ көптеген ағаш және темірден жасалған бұйымдар. Бұрынырақ ата-бабамыздың қолынан қазақи қамшы түскен емес. Ат үстінде ас ішкен бабалардың қамшыларын да қолдан жасап жүрмын. Әрине, көзі қарақты халық мұны көріп бағасын беріп те жатыр. Бұдан артық не керек?!”

«Ел іші — өнер кеніші» республикалық-телевизиялық байқау Шымкентте жалғасты

Тұңғыш рет қолға алынған телевизиялық бастамада облысымыздан 15-35 жас ерекшелігіндегі 180-нен астам үміткер бақ сынады. Сахна төрінен жалпы саны 31 өнер реті тамашаланды. Оңтүстіктің – өнер Ордасы екенін танытқан таланттар келген көпшілік пен қала қонақтарын тәнті етті. Сондай-ақ байқауға қазлар алқасы байқауға төмендегідей аталымдар енгізетінін мәлімдеді:

  1. Музыка және би;
  2. Театр өнеріә және оригиналдық жанр;
  3. Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер.

Нұрлан Әділханов, ОҚО мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры: “Ел іші – өнер кеніші”. Аты айтыптұрғандай-ақ ауылдың алты ауызын іздейтін өнер бәсекесі Қазақстанда тұңғыш рет өтіп отыр. Сонымен қоса, бұл байқаудың ерекшелігі – кәсіби өнерпаз немесе танымал әртістер қатыстырылмайды. Тек, табиғи таланттар мен танылмаған өнер иелеріне арналған байқау болып отыр. Біз сонда ғана нағыз талантты танып, қолдау көрсетуге мүмкіндігіміз болады. Мәселен, мұнда келіп қатысқан үміткерлер қазылар алқасының көз алдында жасап көрсетіп, жасалу жолының бүге-шігесіне тоқталды. Менің ойымша, ұлттық өнерімізді дамытуда Оңтүстіктіктің алар орны әрдайым ерекше! Бүгінгі той – осы сөзімнің дәлелі болса керек. Біздің өңір әрдайым салт-дәстүрді дәріптеп, қазақи болмысымыздың айнасы болып келген. Бүгінде сол әдептен таймай, бар ынта-шынтамызбен жұмыла атсалыстық. Оңтүстік — өнердің қаймағы бұзылмаған өлке екенін көрсете алдық деп білемін. Әрбір ою-өрнектің де қандай мазмұнға ие екенін жіті талдаған өнерпаздар қазылар алқасының көңілінен шыға алды. Бастысы, біздің өңір әу бастан-ақ әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізге ерекше ықыласпен қарап, күнделікті қолдансқа енгізген соң болар, бүгінгі байқау шынайы болып өтты. Жасанды кейіп пайдаланылған жоқ. Ән айтқан күміс көмейлер де әндерін домбыра немесе  өзге де халқымыздың аспаптар сүйемелдеуімен жанды дауыста орындады. Ауылдың алты ауызы осылайша қазылар алқасын тәнті етті.  Қазақтың халық әндерін нақышына келштіре орындағанда , көпшілік құрмет көрсетіп қол соқты. Сондақтан, біздің өңір үміткерлері жүлдеден шет қалмайды деп сенемін».

Айта өтейік, жеңімпаз болған шығармашылық ұжым немесе өнер иесі Астана қаласында өтетін қорытынды кеште марапатталатын болады.