Мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамдық көлікте тегін жүру жеңілдігіне ие болуды қалайды. Бұл өтінішін олар бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалына айтып келді.
Қоғамдық қабылдауға екінші топтағы мүгедек Татьяна Казаренко мен тағдыр тәлкегіне ұшараған екі адам келді. Өзгелері өтініштерін хатқа жазып, беріп жіберген. Өйткені жарымжан азаматтардың бұл мәселені даурықтырып жібергісі жоқ.
Татьяна Козаренко, екінші топтағы мүгедек: » Мәселен Екібастұзда биыл зейнетке шыққан менің курстасым құжатын көрсетіп, жолақысын төлемейді. Бізде сол тұратын елде өмір сүріп жатқан жоқпыз ба?».
Қоғамдық қабылдауға келгендердің өтініші қабылданды. Алайда шенеуніктер мүгедектердің мәселесін айтарлықтай проблема деп санамады. Бұл мәселемен қалалық әкімдік айналысады сол жаққа жібереміз деп құтылды.
Иса Тасболатов, Нұр Отан ХДП-ның қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі: «Егер қала әкімі жолақыға қаражат бөлсе, бұл мәселе оң шешімін табуы мүмкін. Сондай-ақ жағдай тасымалдаушыларға да байланысты. Қала әкімі олармен мемарандумға қол қоюы керек. Сонда 50% көлікшілер тарапынан, 50% бюджет есебінен төленеді. Бұрын осылай шешілген еді.
Қоғамдық қабылдаудағылар мүмкіндігі шектеулі жандар бұл сұраққа жауапты бір ай көлемінде алады деп отыр. Бұл әрине мүгедек азаматтарды қуантпады. Осы мәселемен әкімдікке талай рет өтініш жасалған. Сондықтан жауаптың оң болатынына күмәнданады. Шенеуніктер тағы да заңға сілтей салуы мүмкін дейді мүгедектер. Егер әкімдіктің жауабы кезекті рет мүмкіндігі шектеулі азаматтардың пайдасына шешілмесе, олар өтініштерін жоғарғы жақтағыларға жазбақ.