Биылғы оқу жылы қаламыздағы біраз білім ошақтарында жаңа технологиялармен жабдықталумен басталды.
Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясында орнатылған радио үзіліс уақытында жаңалықтарды жеткізіп, ақпарат алмасуға мүмкіндік жасап отыр. Тіпті, құттықтаулар да осы әуе толқыны арқылы айтылуда. Айта өтейік, үш жылдан бері пайдаланылып келе жатқан бұл радионың тілшілері — осы гимназияның белсенді оқушылары. Мұндағы жас тілшілер мен айтушыларды ұстаздар арнайы оқытып, шығармашылықтарын шыңдайды. Сонымен қоса, мектепішілік радиоға ата-аналар демеушілік көрсетуде.
Ирина Тучина, ұстаз: «Міне, биыл мектебімізге радионың орнатылғанына 3-ші жыл. Әрине, біз оқушыларға жаңалықтарды дер кезінде жеткізу үшін және талантты шәкірттерімізді таныту мақсатында осындай радионы тиіді қолдануды жөн көрдік. Еліміздің әнұранын да шарықтатып шәкірттерді патриоттыққа баулудамыз. Мәселен, біздің талантты шәкірттерміз түрлі әлемдік я болмаса республикалық-облыстық байқау-сайыстарда жеңімпаз болып танылса, біз бірінші болып міндетті түрде мектептік радиодан хабарлаймыз. Ал жеңімпаз шәкірт мектепке келгенде бүкіл мектеп оқушылары хабардар болып, алдынан құттықтау үшін шығады. Мұндай пайдалары орасан. Сондай-ақ болашақта нағыз журналист боламын деген оқушыларға да тәжірибелік мүмкіндік бар. Білім алып, мәнерлеп оқуға, сондай-ақ тіл байлығын жетілдіруге. Әрбір үзілісте мектеп оқушылары тың жаңалықтан хабардар болғысы келіп, радиоға құлақ түретіні жасырын емес».
Жанель Түкен, 9-сынып оқушысы: «1 жылдан бері мен мектепішілік радиодан айтушы болып жүрмін. Әрине, баста мәнерлеп оқуды білгенімізбен радиодағы оқу мәнерін біле бермейтінбіз. Ұстаздарымыздың біліктілігінің арқасында тәп-тәуір әрі түсінікті оқып үйрендік. Дәл қазіргі уақытта оқушылар жаңалыққа жаны құмар. Мәселен, таң ертең сабақа келген олар теледидар көріп те үлгермейді ғой. Сондықтан әлемдік, сосын жергілікті, мектепішілік жаңалықтарды күн сайын оқушылар назарына ұсынып отырамыз. Мектеп басшылығы жаңалықтар легін тексеріп болған соң ғана айтушыларға береді. Ал журналистер тобы күн сайын осы жаңалықтарды өздері тауып жазып берсе, ал өзге де оқушылар сыныптастарын жеңістерімен немесе туған күндерімен құттықтау үшін мәтін ұсынады. Сол себепті, мектеп қабырғасының жан-жақтылығын көрсететін бірден бір әдіс радоның жұмыс жасауы болып отыр дер едім. Ұстаздар да болашықта тілші боламын деген шәкірттердің арманына қанат бітіру жолында талмай-тынбай білім беруде. Бұл біз үшін таптырмас мүмкіндік».
Мектепішілік радио оқушылар мен ұстаздардың мектепсаясатындағы оңтайлы әдісіне қолғабыс беретін құрал екені даусыз. Сондықтан, Оңтүстік мектептеріне бірте-бірте сіңісіп жатқан әуе толқыны шәкірттің мектептегі өмірін қызықтырып қана қоймай, болашағына бағдаршам болады деген сенім мол.