Облыстық көркемсурет галереясында көрме-байқау ашылды

730
Байқау көрмеге келушілер таланттарға тәнті болды
Байқау көрмеге келушілер таланттарға тәнті болды

Облыстың 80 жылдық мерейтойына Оңтүстіктің суретшілері мен қолөнер шеберлері де атсалысуда. Көркемсурет галереясында «Құт мекенім – Оңтүстік» көрме-байқау өткізілді. Қылқалам мен қолөнердің шеберлерінің туындылары бәйгеге түскен бұл көрмеге қатысушылардың жас ерекшілігіне шек қойылмаған. Туған өлке табиғатының тылсымдарын бейнелеу өнерімен бедерлеген суретшілер мен өз туындыларына тіл бітірген қолөнер шеберлері арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Ұзақбай Көшкінбаев, бейнелеу өнері бойынша бас жүлде иегері: «Мен туған жерімнің табиғатының тамашалығын суреттегім келді. Біз суретшілер қауымы сөзге шоқақпыз. Біздің картиналарымыз сөйлейді біздің орнымызға. Не істесем де өнердің өркендеуіне үлес қоссам деген тілектен туған».

Әшірбек Желдібаев, қолданбалы қолөнер бойынша бас жүлде иегері: «Киелі сиыр» деп аталатын шырағдан жасадым. Зергерлік бұйымдармен зерлеп, әбден тер төккен еңбегім 1 күннің емес, бірнеше жылдың жемісі. Осындай көрме байқаулар шабытымызға қамшы болары анық».

Оңтүстіктің барлық аудандарынан келген суретшілер мен фотосуретшілер, мүсіншілер, қолданбалы қолөнер шеберлері үшін осынау іс-шаралар шабытына шабыт қосары анық. Облыстық мәдениет басқармасы алдағы уақытта мұндай шаралардың жалғасы боларын айтып отыр.