Полицейлер тұрғындармен танысуды бастайды

Қыркүйектің 1-інен Қазақстанда «Участок» атты алдын-алу, жедел әрекет ету игі-шарасы басталды. Учаскелік полиция қызметкерлері өзіне бағынысты аумақ тұрғындарымен етене жақын таныс-біліс болулары тиіс.

Осыған байланысты енді есігіңізді полиция қызметкері қағып, «Сізбен танысқым келеді» деп тұрса таңданбаңыз.

Олар үйіңізде кімдер тіркелгенін, қанша адам тұратындығын сұрауға құқылы. Сонымен бірге базарлар мен құрылыс нысандарындағы жұмысшылар да тексерілмек. Кім, қайдан келді, не істеп жүр? Осы сауалдарға жауап алынбақ. Бұл өз кезегінде қылмыстың алдын алуға, әрі орын алған жағдайда қылмыстың тез ашылуына өз септігін тигізетін көрінеді.