Республика тілшілері оңтүстік зауыттарын аралады

304
Ебін тапқан кәсіпорын басшылары, жас маманды өздері оқытады

Облысымыздағы индустриалдық-инновациялық бағдарламаның барысымен танысу мақсатында Шымкентке республикалық басылымдар мен телеарналардың тілшілері, электронды ақпарат құралдарының өкілдері жиналды. Облыс әкімі аппартының баспасөз қызметінің мамандары қаламы қарымды жандарды арнайы күтіп алып, екі күндің баспасөз саяхатын ұйымдастырды.

«ЭкоФармИнтернейшнл» ЖШС-ның өнімі

Ең бірінші болып, Сайрам ауданындағы медициналық құралдар шығатын «ЭкоФармИнтернейшнл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Фирмалық құпиялықты бірден БАҚ өкілдеріне түсіндірген директордың міндетін атқарушы Гүлия Жүзенова зауыттың ішіне тек операторлар мен фототілшілерді ғана кіргізді. Ал журналистермен ашық әңгіме жүргізіп, зауыттың қуаттылығымен таныстырды. Биыл төртінші шілде күні ашылған ТМД елдері ішіндегі алғашқы зауытта 57 түрлі медициналық құрал-жабдықтар шығарады. Жобалық қуаттылығы бойынша жылына 20 миллион дана инфузиялық ерітінділерді құюға арналған бір рет қолданылатын жүйе, 5 млн.дана қан құюға арналған сынауық, ку ско айнасы,фолей катетері, зәр қабылдағыш, тілге арналған терапиялық шпатель, фолькман қасығы шығарылады екен. Шикізат Корея мен Япониядан алынатын болғандықтан мамандарды Оңтүстік Кореяның ғалымдары арнайы оқытқан. 185 адамды жұмыспен қамтуға шамасы бар зауытта, әзірге 85 адам жұмыс істейді. Жалақылары да қомақты әрі тұрақты.

ТМД-да теңдесі жоқ зауытпен танысып шыққан тілшілер сусын қақпақтарын шығаратын «Spirit Kazakhstan» серіктестігінің

Жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылған

жұмысымен жіті танысты. Жылына 691 200 дана жәшік пен 27 648 мың дана қақпақ шығаратын өндіріс орнында 32 адам жұмыс істейді. Мамандардың барлығы көрші Ресей елінде оқытылыпты. Бұл жерде тек дипломды ғана емес, орта білімді азаматтарда бар. Өндіріс орны басшысының айтуынша, ең бастысы диплом емес, жұмыс істеуге деген құштарлық керек дейді.

Нағашыбай Қалыбеков, қонақ, «Қазақстан-Заман» республикалық газетінің өкілі:«Шымкент расында да көркейіп келеді. Мойындау керек, біз өзге аймақтарда көп боламыз. Бірақ, дәл оңтүстік сияқты Елбасының бағдарламасын жүзеге асырып жатқандарды көрмедім. Ендігі тілегіміз осы өнімдер жергілікті халықты асырап, нарықтағы бағасын жоғалтпағай. Жұмыспен қамтылып жатқан жергілікті тұрғындардың көңілі көтеріңкі. Өз ісін айналдырып отырған  кәсіпкерлердің ептілігі өзге өңірлерге үлгі боларлықтай екен».

Ал майлайтын материалдар шығаратын «HILL Corporation» зауытына барып, Шымкенттіктердің де нарықта өзіндік орны бар,

бәсекеге қабілетті автомобиль майларын шығара алатындығымен хабардар болды.Жылына 24 мың тонна май өндіретін

Ебін тапқан кәсіпорын басшылары, жас маманды өздері оқытады

зауытта 226 адам қызмет етеді. Дайын өнім тек Қазақстанда ғана емес, Қытай, Ресей елдерінде де сатылады. Оңтүстіктегі оңды істермен танысқан тілшілер қауымы Елбасының тапсырмасы өзге жаққа қарағанда бізде қарқынды орындалып жатқанын бірден атап өтті. Әріптестеріміз қаламыздағы индустриялы аймақта орналасқан кәсіпорындардың жұмысымен толық танысып, Оңтүстік өңірінің байлығы мен іскерлігіне тәнті болды. Әсіресе, сұйық шыны және силикат кесегінің өндірісіне ерекше қызығушылық танытып, сұраныстарын арттыра түсті.

Облыстың өнеркәсібінің тоғыз ай ішіндегі өнімінің жалпы құны 279 миллиард теңгені құрайды. Индустрияландыру бағдарламасы аясында 79 жоба жүзеге асып, жұмыс істеуде. Бұл жағынан өзге облыстардағы көрсеткіштен әлдеқайда алда келеміз дейді облыс әкімінің баспасөз хатшысы. Алайда, барымызды осы уақытқа дейін көрсете алмай келе жатқанымызды алға тартып, баспасөз саяхатын осы себепті ұйымдастырғанында жасырмады.

Оңтүстіктегі оңды істер

Түске дейін «Оңтүстік»арнайы экономикалық аймағында орналасқан кәсіпорындардың жұмысымен танысып, түстен кейін «Рауан» сусындар шығаратын зауыт пен «Зерде Логистик» дәрі-дәрмек сақтайтын қойманың тыныс-тіршілігін бағамдап қайтты. Бүгінгі күнге дейін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде Өңірлік үйлестіру кеңесімен 30 млрд. Теңгеге аса 80 жоба мақұлданған. Саралайтын болсақ, 2012 жылы жалпы құны 2 млрд. Теңгелік 10 инвестициялық жобаны іске қосып, 700-ден аса жұмыс орнын ашу көзделуде. Ал келер жылы 29 млрд. теңгені құрайтын 26 инвестициялық жоба іске қосылып, 4 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Берік Уәли, ОҚО әкімінің баспасөз хатшысы:«Оңтүстік Қазақстан тек халықының санынан емес, оңды істері жөнінде де көш ілгері. Жасыратыны жоқ, орталықтың халқы мұндай ақпараттарды көп біле бермейді. Мұның да әртүрлі себептері бар шығар. Мен осы жұмысқа келдім де, көзімен көріп, осыны республика халқына жеткізу мақсатын алға қойып осындай баспасөз саяхатын ұйымдастырдық. Кейбір өңірлерде түймедейді түйедей етіп жарнамалап жатады. Ал оңтүстік халқы қонақжай, алда болғанымен  өздерінің жақсы жасап жатқан жұмыстарын көрсету жағынан әдептілік танытады ма, әйтеуір насихатталынбай жатыр. Осындай олқылықтардың орнын толтыру үшін осыны ұйымдастырдық».

Осындай игі жұмыстармен жіті танысқан тілшілер Шымкенттік тоқ халық екенін тілге тиек етті. Республикадағы барлық БАҚ өкілдерінің басын қосқан баспасөз-саяхаты екі күнге созылады. Бір күн бойы индустриялық аймақты аралаған журналистер қауымы, ертеңіне қаламыздағы бірқатар мәдени орындарға бас сұқты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=LYAAu59wTEs[/youtube]