Шардараның өз мақта зауыты болады

479
Зауыттың жобасы зерделенуде

Қазақстандағы соңғы заманауи үлгідегі ең алғаш мақта зауыты Шардара ауданының Ұзыната ауылында салынып жатыр. Шаруалардан қабылданған мақтаны өңдейтін кәсіпорында талшық пен мамық, шит секілді дайын өнімдер шығарылатын болады. Бұл май және тоқыма зауыттарының таптырмас шикізаты.

«Ұзыната мақта» ЖШС-гі салып жатқан мақта зауытының жалпы құны 6 миллион АҚШ долларынан асады. Соңғы үлгідегі технология, компьютерлік бағдарламалар қолданылған зауыт автоматтық жүйеде жұмыс істейді. Яғни, мақтаның сапасын жабдықтың өзі анықтап, өзі өңдейді. Оператор тек тетікті басып отырса, болғаны.

Жанқозы Оспанов, «Ұзыната» мақта зауытының бас инженері:» Америка мен Қытайдан шыққан технологиялар заманауи үлгідегі қондырғылар. Адамның денсаулығына зиян келтірілмейтін жақтары қарастырылған. Өзі іске қосылып, өзі тоқтап өзі шығарған дайын өнімін өзі пакеттеп шығара береді. Оны тек басында адамдар қарап бақылау жасап тұрады.»

Жеті гектар аумаққа мақта мен дайын өнімді сақтайтын қойма, механикалық цех, зертхана, 540 текше метрлік сорғы станциясы бар. Өндімлігі 45 мың тоннаны құрайтын зауыттағы жұмысқа жергілікті тұрғындардан 250 адам тартылады деп жоспарланып отыр.

Жанқозы Оспанов, «Ұзыната» мақта зауытының бас инженері:» Зауыттың сыртқы құрылыс жұмыстары біткеннен кейін Қытайдан қондырғылар келеді. 7 контейнер келді тағы 18 контейнермен қытайлық 9 маман келеді орнатуға. Бір айда қойып болсақ, ары қарай жүргізу дайындап, 1 қарашаға дейін іске қосамыз деп отырмыз.»

Зауыттың құрылысына деп Еуразиялық банктен он төрт пайызбен алынған қаржының жеті пайызын мемлекет төлейді. Сонымен қатар, инфрақұрылым жұмыстары да жүргізілмек.

Серік Махамбетов, Шардара аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы:»»Бизнестің жол картасы 2020″ бағдарламасының үшінші бағыты бойынша жаңадан салынып жатқан Ұзынатадағы мақта зауытына жол салып береміз. Ұзынатаға қолдануға берілген газ құбырынан газ тартып береміз. Мекеменің қаржылық жағдайы дұрыс болғандықтан су мен электр энергиясын өздері жеткізіп алды.»

«Ұзыната» серіктестігі мұнымен қоса шаруалар үшін таптырмас техника жеткізіп беруді қолға алған. Келешекте ұрық дайындайтын және май сығатын зауыттар салу көзделуде.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=sp3Cx_d-TPc[/youtube]