1-қазан — Халықаралық қарттар күні. Қарттыққа сән бере білген қазыналы жандарды бірінші болып Шымкент қаласындағы Еңбекші аудандық әкімдігі құттықтады. Арнайы дастархан жайып, ардагерлерге сый-құрмет көрсетілді. ҰОС-ның тыл ардагері Өркен Әбдіреев те осы дастарханның құрметті қонағы. Әлі күнге дейін қоғамдық істерден қол үзбеген ақсақал бүгінгі ұрпақтың үлкенді сыйлап, құрметтегеніне дән риза.
Өркен Әбдіреев, тыл ардагері:» Біздің қатарымыз жыл сайын сиреп барады. Жылына бір рет осындай мерекеде жүздесіп, дидарласып, қауқылдасып отырғанға не жетсін! Әкімдікке алғыстан басқа айтарымыз жоқ».
Әлімжан Құртаев, Еңбекші ауданының әкімі: «Қазақта «Алпыстан асқаннан ақыл сұра » деген нақыл сөз бар. Біздің қызметімізде елдің әл ауқатын арттыруда үлкендермен кеңесу әбден керек. Сондықтан да аға буынмен кездесу біз үшіш үлкен ғанибет!»
Бүгінгі таңда Еңбекші ауданында 16 мың 500 зейнеткер, 92 ҰОС-ның және 2 жарым мыңнан астам тыл ардагері өмір сүруде. Жыл сайын қатары сиреп бара жатқан ардагерлерге ән мен жырдан шашу шашылып, әрқайсысына әкімдіктің 5 мың теңгелік мерекелік сыйы үлестірілді.