Шымкентте мемлекеттік балабақша төлемақысы қымбаттады

710
Балабақша құны 2 мыңға қымбаттады

Мемлекеттік балабақшалардағы төлемақы қымбаттады. Енді ата-аналар мектепке дейінгі тәрбие беретін мекемеге баратын әр перзенті үшін бұрынғы ақшаға қоса тағы 2 мың теңге артық төлейді. Облыс әкімі осындай шешім қабылдады. Бұйрық қазанның 1-нен бастап күшіне енуі тиіс.

Балабақша құны 2 мың теңгеге қымбаттады

Мектепке дейінгі балалардың тәрбиесі үшін төленетін ақы қымбаттағалы тұр. 1-қазаннан бастап балабақшаға баратын әр бала үшін ата-анасы бұрынғыдай 6152 теңге емес, 8 мың теңге төлейтін болады.

Жанат Тәжиева, Шымкент қ. білім беру бөлімінің бастығы: «1-ші қазаннан бастап облыс әкімінің шешімімен балабақшалардың құны қымбаттайтыны рас. Алдағы уақытта тағы да ақпараттандыратын боламыз».

Төлемақының қымбаттауын балабақша қызметкерлері құптап отыр. Өйткені балалардың ас-ауқатын әзірлеуге қаражат жетіспейтін. Ал енді бүлдіршіндердің тағамын дәрумендермен байытуға біршама мүмкіндік болады дейді олар.

«Балалар тағамының мәзірін әзірлеуде бұрын қиналыңқырайтын едік. Енді  ас-мәзірінде балық, ет, сүт өнімдері молырақ болады, әрине. Бала-бақшалардағы перзенттері үшін жасалар жағдайдың жақсаратынына ата-аналар да риза болуы керек»,-дейді балабақша қызметкерлері.

Бірақ балабақша ақысын қымбаттатуға шешім қабылдағандар әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың сәбилері туралы ұмытып кеткен секілді. Қаланың бас педагогының айтуынша, көпбалалы отбасылар мен асыраушысынан айрылған балғындар үшін ешқандай жеңілдік қарастырылмаған. Яғни, олар да ай сайын 8 мың теңге төлеуі тиіс.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=TN_inflFgmE[/youtube]