Шымкенттегі №49 ескі мектеп үш аусымда оқиды

974
№49 мектеп

Құрсай аулындағы №49 мектептің оқушылары жаңа мектептің табалдырығын тек келер жылы аттайды. Ал әзірге ескі мектепте үш ауысымда оқуларына тура келеді. Дегенмен, тозығы жеткен мектептің жөндеу жұмыстарына биыл қала қазынасынан қомақты қаржы бөлінген болатын. Ұстаздар да, балалар да мектепке көтеріңкі көңіл күймен келеміз дейді. Себебі, көз алдарында жаңа ғимарат бой көтеруде.

Жаңа оқу жылына мектеп ұжымы «жақсы» дайындалған. Мектептің едендерін сырлап, қабырғаларын тұзеп, есіктерін ауыстырған. Әсіресе, кабинеттерін жарықтандырып, әрлеп, су жаңа 64 кампьютермен жабдықталған. Бірақ спорт залының жоқтығы оқушылардың көңіліне қаяу түсіреді.

Сауле Елшібекова, №49 мектептің директоры: «Биылғы жаңа оқу жылын жағымды жаңалықпен бастадық. Келер жылы жаңа мектеп салынып бітеді деген хабарды естіген оқушылардың қуанышында шек жоқ. Сонда да ескі мектебімізді жөндедік. Әрине, жаңа мектепке жетпейді, бірақ бір жылдық жағдайымызды жасап қойдық».

Жаңа мектептің ертерек бой көтеруін мердігерлер де асыға күтеді. Олар бұл күнде өз жұмыстарына қызу кірісіп кеткен. Келер жылы жаңа ғимаратты аяқтап, оқушыларға қуаныш сыйлауға барын салмақ.

Алмаз Жұмағалиев, инженер-қүрылысшы:»Үлкен үш бөлік, жылыту бөлімі, мектеп стадионы, демалыс орны барлығы жаңа мектептің жобасы. Құдай қаласа, келер жылы қыркүйекке дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз».

Ал оған дейін бұл арман қағаз жүзінде қалады. Ұстаздар мен оқушылар ескі ғимарат пен қосымша жекеменшік үйлерде оқуларын жалғасытарды. 1300 оқушыға сынып жетпейді. Сондықтан да үш ауысымды қанағат тұтпақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=RPtqTHoneGw[/youtube]