Немесе «Ономастика комиссиясы қайда қарап отыр?» тақырыбын әрі қарай жалғастырамыз.
Редакциямызға хабарласқан оқырманымыз өзінің нағыз тіл жанашыры екенін, дегенмен, жиырма бір жылдың ішінде мемлекеттік тіліміздің әлі де өркен жая алмай отырғанын айтып қынжылды. Аты-жөнін газет бетінде атамауды өтінген оқырман «тіліміздің мәртебесін ала-құла көше аттары түсіріп отыр» деп түйді ойын. Сөйтті де, «Әділ Сасбұқаев көшесінің бойымен жүріп көріңіздерші…» деді. Бардық. Көше бойымен жүрдік. Көргеніміз мынау болды.