Шымкентте Патшайым Тәжібаеваның есімі берілген көше бар. Ол кім дейсіз бе? Айтайық, ол Орта Азия әйелдері арасынан тұңғыш рет геология ғылымына еңбек сіңірген, осы саланың докторы дәрежесіне жеткен, мақтаныш етер апамыз. Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Жоғарғы Кеңестің депутаты, Жоғарғы Кеңес төрағасының орынбасары болған жан.
Осындай еңбектері үшін, кезінде ономастика комиссиясы оның есімін Шымкенттегі көшелердің біріне беру жөнінде ұйығарым жасаған.
Ал, назарыңызға ұсынылып отырған мына суретте сол көшенің бүгінгі сиқы бейнеленген. Патшайым Тәжібаева атындағы көше «П.Тәжібаев» деп аталып тұр. Бұл не? Сауатсыздықтың салдарын қашан жоямыз…