Жер мен мүлік салығынан босатылғандар көп

613
Жер мен мүлік салығын төлеу міндет

Еңбекші ауданының тұрғыны Жамал Хашимова мүлік және жер салығын төлеуге келіпті. Отбасына үкімет тарапынан жеңілдіктер қарастырылғанын осында білді.

Жамал Хашимова қала тұрғыны: «Өмірлік жолдасым екінші топтағы мүгедек, сондықтан салықтан босатылған екенбіз.Естіп қуанып қалдым. Осындай жағдай жасап отырған мемлекет басшыларына мың алғыс.»

Жеңілдіктермен жалғызбасты зейнеткерлер мен бірінші топтағы мүгедектер, ҰОС ардагерлері де пайдалана алады екен. Міндетті төлемдерді төлеуде салықтөлеушілердің белсенділігін арттыру мақсатында мамандар нақты іс шараларға көшіпті.

Қанат Алпысов, Еңбекші ауданы бойынша салық басқармасының бөлім бастығы: «» Отырар» телеарнасында  7-ші қыркүйектен бастап шағын ролик шығып жатыр. Онда жер мен мүлік салығын төлеуге неше күн қалғаны жайлы ескертеді. Адамдарға  ескерту қағазын да тараттық. Жоғалтып алғандар да көп. Қайтадан шығарып қолдарына берудеміз.»

Еңбекші ауданы бойынша бүгінде 47 жарым мыңға жуық мүлік иелері тіркелген. Бүгінге түсім мүлік салығынан 25 млн. 346 мың. Жоспар 53 млн 655 мың. Ал жер салығынан қазынаға түскені 18 млн. Жоспар 32 млн. тенге. Бұған қоса былтырғы қарыздар да бар.

Қанат Алпысов, Еңбекші ауданы бойынша салық басқармасының бөлім бастығы: «Борышкерлермен  сот орындаушылары да жұмыс істеуде. Міндетті төлемде жалтарғандардың ісін  сотқа беріп жатырмыз.Банктерде де проблемалы үйлер бар. Иесі анықталмаған да үйлер жетеді. Түбінде барлық салықтарды төлеткіземіз.»

Салықшыларға ыңғайлы болсын деп ғимараттың бірінші қабатында қосымша кассалар да ашылған. Олар қалған алдағы екі сенбі күндері түске дейін жұмысын жалғастырсын деген өтініш-хатпен басқарма «ҚазПошта» АҚ ОҚО филиалының басшысына шығыпты. Түсімді тездету үшін салықшылар кезекті рет ескерту таратуда.