Құтқарушылар кәсіби мерекесін атап өтті

Құтқарушылардың көбік суы 30 метрге жетеді

 

Құтқарушылардың көбік суы 30 метрге жетеді

Бүгін — құтқарушылар күні. Осыдан 17 жыл бұрын, 1995 жылдың 19-қазаны күні төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет құрылған болатын. Бүгін таңертеңнен Қажымұқан стадионы жанындағы алаңда құтқару қызметінің мамандары жиналып, кәсіби мерекелерін атап өтті. Олар жиналған тұрғындарды өздерінің құрал-жабдықтарымен таныстырды.

Кәсіби мерекелерін атап өтуге қаладағы барлық құтқару қызметінің мамандары қатысуда. Олар жиналғандарға арнайы техниканың 20-дан астам түрі мен құрал-жабдықтарды көрсетуде. Арасында 800 градус ыстыққа төзімді арнайы костюмдері де бар.

 

Көпшілік назарына жаңа техникалар ұсынылды

Көпшілік назарына ұсынылған техникалардың арасынан жаңа Нива-Бронто көлігі ерекше атап өтуге тұрарлықтай. Бұл техника таулы-тас жерде, кез келген ауа райында еш кедергісіз жүре алады дейді құтқарушылар.

Айта кету керек, бұл арнайы техникалар жазда Бекжан базарынан шыққан өртті сөндіру кезінде қолданылған.

 

 

 

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=SDsRPQKpRMQ[/youtube]