Қылмыс орнынан ізін суытпақ болған бойжеткен 5-қабаттан секірген

ІІБ-ның мәліметі
ІІБ-ның мәліметі

Шымкентте бойжеткен қыз қарақшылық шабуыл жасап, қылмыс орнынан ізін суытпақ болған кезде, көпқабатты үйдің 5 қабатынан құлады.

Әл-Фараби АІІБ-нің кезекші бөліміне жергілікті ауруханадан 60 және 19 жастағы екі әйел әртүрлі дене жарақаттарымен түскені туралы хабарлама түскен. Зардап шеккен 60 жастағы жәбірленушінің айтуынша, 18-20 жас аралығындағы жас қыз үйіне баса көктеп кіріп, егде әйелді күш көрсетемін деп қорқытып, скакалкамен, орындықпен, ұрып-соғып үйдегі жалпы құны 100 мың теңге тұратын алтын білезігін және алқасын алған. Осы кезде, пәтерде болып жатқан шуды естіген көршісі, есіктің қоңырауын басып полиция шақырып қойғанын айтқан.

Қылмыскер балкон арқылы қашпақ болып, 5 қабаттан құлап, әртүрлі дене жарақаттарымен қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Полиция қызметкерлері, күдіктінің жұмыссыз 1993 жылы туылған Созақ ауданының тұрғыны екенін анықтады.

Айғақты зат ретінде, ұрланған алтын бұйымдар алынды. Осы жәйтке қатысты, ҚР ҚК 179 бабы «қарақшылық » бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүгізілуде.

Мәліметті ОҚО ІІБ-ның баспасөз қызметі хабарлады.