Әділет органдары қоғамдық қабылдау өткізді

423
Қоғамдық қабылдау барысы
Қоғамдық қабылдау барысы

Бүгін таңертеңнен бірқатар шымкенттіктер «НұрОтан» ХДП-ның қоғамдық қабылдауына жиналды. Олар шешімін таппай жүрген мәселелер айта келген. Бүгінгі қабылдауды әділет органдарының мамандары жүргізді.

39-жастағы Қарлығаш Көпбергенова мұнда бірнеше мәселесімен келіпті. Мүкіндігі шектеулі жанның басында баспанасы жоқ. Күйеуі науқас әйелін екі баласымен тастап кеткен. Ай сайын аурухана төсегінен табылатын жан сүйретіліп жүріп құжаттарын дайындап, 3-топ мүгедігіне ілінген. Алайда оның диагнозымен 2-топ ретінде көмек алуы керек екен.

Қарлығаш Көпбергенова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Комиссия алдынан шығып кеткенмін, артымнан біреулерге айтып жіберіпті. Ана қызға айтыңдаршы, мәселесі ақшасыз шешілмейді деп. Денсаулығы жоқ, жұмыссыз жүрген адамда қандай ақша болсын. Егер 3-топтың жәрдемақысын алғың келсе 20 мың теңге, 2-топқа 40 мың екен. Менің ондай ақшам жоқ. Осылай жүріп 3-топқа шыққам, бірақ ақшасын алмадым. Баспанамда жоқ, күйеуім алиментте төлемей жүр. Соңғы үмітпен осы қабылдауға келдім».

Соңғы үмітін арқалай келген Қарлығашқа облыстық әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көмек беретін болды. Ал алимент мәселесін облыстық сот қарауға уәде берді.

Ал облыс жастарының аманатын арқалай келген Береке Дүйсебеков студенттерге жолда жүру жеңілдік билеттің

Береке Дүйсебеков, ОҚМУ-дың жастар комитетінің төрағасы

қажеттілігін алға тартты. Бұған дейін де талай рет көтерілген мәселе шешімін таппай келеді.

Береке Дүйсебеков, ОҚМУ-дың жастар комитетінің төрағасы: «Мемлекеттің бөліп отырған қаржысы студенттің бір айлық жүрісі түгілі, үш күнге де жетпейді. Ол тек сабаққа қана барып қоймайды, ол кітапханаға бару керек, спортзалға баруы керек. Мұны ойлап отырған ешкім жоқ. Бұл мәселе өзге өңірлерде шешілген. Ал біз әлі сұрап жүрміз».

Қабылдаудағы облыстық мәслихаттың өкілі бұл сұрақтың шешімі шыққанын жария етті. Алайда, жеңілдіктің түрін атай алмады.
Интершум:

Қоғамдық қабылдауға келгендердің басым бөлігі әлеуметтік көмекке зәру.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=REeyMDB7unU[/youtube]