Атпал азамат журналистермен жүздесті

Амалбек Қозыбақұлы Оңтүстіктегі бокстың дамуына жоғары баға берді
Амалбек Қозыбақұлы Оңтүстіктегі бокстың дамуына жоғары баға берді

Спорт жанашыры, Алматы қалалық бокс федерациясының президенті Амалбек Тшанов «Отырар» телеарнасының мәжіліс залында журналистермен жүздесті. Атпал азамат алматьылық боксшыларды өзі бастап келіпті.

Бір кездері Шымкент қаласының әкімі болған Амалбек Қозыбақұлы Оңтүстіктегі бокстың дамуына жоғары баға берді. Сондай-ақ, спорт қайраткері бүгінгі бокстың дамуы, күрмеулі мәселелері һәм болашақ перспективасы хақында қаузады.

Былтырдан бері Алматы қаласының бокс тізгінін ұстаған азаматтың тың идеяларын да айта кетейік. Өресі биік Амалбек аға заманауи, жаңарған боксқа жаңа леп әкелді. Кубаның ұлы бапкері Альсидес Сагарраның да қазақ топырағында еңбек етуі осы кісінің батыл бастамасы болатын. Сонымен, кешке қарай бәсі биік бәсекеге куә болдық. Алматылық жігіттерді осал деуге ауыз бармайды. Шымкентке кілең ығай мен сығайлар жиылған.

Өз шаршы алаңымызда өтіп жатқан жекпе-жекте біздің жігіттер аняып қалсын ба, қарсыластарды бірден тықсырды. Әсіресе, Біржан Жақыпов, Нұрғазы Жүсіпов. Алмасбек Әлібеков және Асқар Абдуллаевтың жұдырықтасу мәнері жанкүйерлердің көңілінен шыққаны анық.

Нағыз кескілескен айқаста жерлестеріміз ширақ қимылдап, 9:1 есебімен басым түсті. Нәтижесінде, ОҚО құрамасы қазақстан бокс федекрациясы кубогі сайысының жартылай финалына жолдама алды.