Бақытжан Әбжәл – «Үздік педагог-2012» иегері

Грант иегері ұтып алған қаржысының бір бөлігін оқу орнының керегіне жұмсамақ
Грант иегері ұтып алған қаржысының бір бөлігін оқу орнының керегіне жұмсамақ

«Үздік педагог – 2012». Оңтүстікте кәсіптік білім беру ісінің үздігі анықталды. Ол Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде жұмыс істейтін Бақытжан Әбжәл мырза.

Қазан айының бірінші жексенбісі – ұстаздар күніне орай, Алматыда өткен мұғалімдерді ұлықтау салтанатынан 1 жарым миллион теңгегу жуық ақшалай грант ұтып алып келген оқытушыны алғашқыларыдң бірі болып өзінің ұжымы құттықтады.

Әр үздік педагогке министрлік 1 618 000 теңге грантын берген. Ал ондай азаматтардың саны 48. Оңтүстіктен 3 мұғалім түрлі сала бойынша үздік атанған. Олар №38-мектептің мұғалімі Гүлшаһар Айдосова болса, екіншісі Қазығұрт ауданындағы Патшайым Тәжібаева мектебінің мұғалімі Алтыншаш Қалышевалар еді. Ал біз сөз еткелі отырған Бақытжан Әбжәл кәсіптік білім беру саласында аттай 34 жыл жұмыс істеген 3-азамат.

Бақытжан Әбжәл, Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің кафедра меңгерушісі: «Алған сыйақымның бір бөлігін осы колледждің пайдасына жаратсамба деп отырмын. Бұл жерде жаңа типография ашылып жатыр. Оған қондырғалар керек. Интернет орталығы да ашылып жатыр. Оған да анау-мынау керек. Сондықтан ұтып алған қаржымның бір бөлігін осы білім мекемесіне сыйға тартсам деймін. Ал қалған бөлігін кенже баламды үйлендіруге жұмсасам деймін. Енді, қазақпыз ғой».

Серік Әуезханов, Облыстық білім басқармасы бастығының міндетін атқарушы: «Олардың талаптары бойынша ұстаздардың бүкіл шығармашылық жұмыстары жіті бақыланды. Әр мұғалім мен оқытушының өз саласында жеткен жетістіктері мен ұжымдағы жетістіктері сараланды. Білім беру әдісі де таразыға түсті. Осындай талаптардың бәрін ескерген комиссия мүшелері осындай жүлделерді анықтап берді».

Аталмыш байқауға еліміздің 4 мыңнан аса мұғалімі қатысқан.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=wff4Gy-F4zs[/youtube]