Кезекті тосын сый. Шымкентте ұнның күрт бағасы қымбаттады. Қазір базар сөрелерінен 50 келілік бір қап ұн сатып алу үшін 4 мың теңгеден бастап, 4200-ге дейін төлеуіңіз қажет.
Шымкентте күрт қымбаттаған ұн келісінің бағасы енді 80-84 теңгені құрайды. Кәсіпкерлік бөлімі жекелеген сатушыларға қой деп тыйым сала алмаса да, әлеуметтік сауда қатарларына белгіленген бағадан қымбаттатпауды талап етуде.
Жангелді МАҚАШЕВ, Кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің бастығы: «Ұн бағасын тұрақтандыру үшін қалада «Атамекен » ЖШС арқылы жұмыс жасаудамыз. Соның арқасында аталған дүкендерде ұн келісі 52 теңгеден сатылуда».
Кәсіпкерлік бөліміндегі мамандардың сөзінше, күн сайынәлеуметтік дүкендерде 50 тонна ұй сатылады. Ал бағаның күрт қымбаттауына солтүстікте болған қуаңшылық себеп.
Жангелді МАҚАШЕВ, Кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің бастығы: «Шымкент қаласында 23 әлеуметтік және 12 сауда үйі бар. Сол жерлерде айтып отырған келісі 52 теңгелік ұн сатылып жатыр».
Қиыны сол, келісі 52 теңгеден сатылып жатқан ұнды әлеуметтік сауда орындарында қаптап ала алмайсыз. Ол ас атасының қолдан қолға өтіп, қымбаттауына соғуы мүмкін.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=B2QiTI2g_70[/youtube]