Úı Jańalyqtar Шымкенттік 10 жасар қыз әлемнің үздік фотомоделі атанды

Шымкенттік 10 жасар қыз әлемнің үздік фотомоделі атанды

Әлемнің үздік фотомоделі Нұрай
Әлемнің үздік фотомоделі Нұрай

Түркия елінде өткен  «Little miss word-2012 » байқауында шымкенттік кішкентай ару Нұрай  Сәрсенова «Little miss photomodel-2012» атағын жеңіп алды.

Төрткүл дүниенің түкпір түкпірінен келген 50 арудың арасынан жүзден жүйрік болған Нұрай Болатқызы Шымкент қаласындағы №47 мектеп гимназияның 3 «а» сынып оқушысы.

Осыған дейін де Нұрай Шымкентте өткен аймақтық, Алматы қаласында өткен республикалық байқауларда топ жарған болатын. Кішкентай аруды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!