Үш күнде 3 адамды пойыз басқан

380
Пойыз өтеді деген еш белгі жоқ

19-қараша күні 17 жасар өрімдей қызды жүк пойызы қағып кетті. Алған жарақатынан студент қыз сол жерде тіл тартпай кеткен. Мұндағы тұрғындар сол күнгі жантүршігерлік жайтты әлі ұмыта қойған жоқ.

Сара Алдабергенова, Ақбастау көшесінің тұрғыны: «Әпшесі өтіп үлгерген, өзі копюшенін киіп, наушникпен поездың астына түсті. Ағасы келіп жылады Жүрегіміз сыздап ауырды. Басқа жол жоқ . Поез жолын басқа жерге ауыстыру керек».

Пойыз өтеді деген еш белгі жоқ

Дәл осы күні «Бадам-Қалаш» айдауында 29 жастағы ордабасылық азамат пойыздың астына түсті. Арада бірер күн өтпей жатып осындай қайғылы жағдай Қызылсай-Манкент өткелінде де тіркелген. Алайда, жаға ұстатар оқиғалар адамдарға сабақ болмаған секілді. Құлағына ұялы байланыстың құрылғысын тығып алып, жолдан өтіп бара жатқан  бойжеткенді  кезіктірдік.

Батима,»Азат» шағынауданының тұрғыны : Қайтыс болған қыз наушникте музыканы  қатты қойып тыңдаған да, поездың келгенін естімеген. Жәй қойсын, немесе бір жағын алып тастасын. Енді тұрғындарды кінәлап жатыр. жергілікті билік арнайы белгі қойсын, өткел салсын. Бізге «Газельді»  жүргізсін».

Асан Сәмет, «Ынтымақ» елдімекенінің тұрғыны: «Бұл төңіренкте жастар көп тұрады. Квартирада, ауылдан келгендер. Таңертең сабаққа  асыққандықтан осы теміржолдан өтеді. Жағдай жасалмаған».

Бұл уақытта тәртіп сақшылары да қарап отырған жоқ. Соңғы 3 күнде 3 адамның отарбаның астына түсіп, көз жұмуы істі қолға алуға түрткі болған.

Байдулла Жансейітов, Шымкент станциясы ішкі істер желілік басқармасы бастығының орынбасары: «НОД-та жиын өтті, онда  теміржолы бойында қоршау салынатын болып  шешілді. Тендер өткеннен кейін көктемге дейін құрылыс жүргізіледі «.

Алайда, қауіпті болса да тұрғындар осы өткелге қайта оралуға мәжбүр. Себебі, арнайы жол белгілерін орнатылып, қауіпсіз өткел жасалмайынша, осы маңнан өтуден өзге амал жоқ.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=xVkjsOLBPn4[/youtube]