№72 мектептің асханасында сапасыз тамақ берілмейтін болды

456
Сот алдында барлық шындық айтылды
Сот алдында барлық шындық айтылды

Ата-аналар өз перзенттерінің дұрыс тамақтанғанын қалайды. Еске сала кетейік, осыдан бірер күн бұрын №72 мектептің асханасына қатысты сот отырысы басталғанын хабарлаған болатынбыз. Бұл асханадан Нұржамал Үсіпбаеваның екі бірдей баласы тамақтанады. Айтуынша, үнемі осы мектептен ішкен астан соң, балалары ауыршаң болыпты.

Нұржамал Үсіпбаева, ата-ана: «Менің баламның ішіп жатқан тамағы сапасыз деп талай бардым. Аспазбен де кездесіп, адал әрі құнарлы тамақ беруін сұрандым. Өйткені оларға мемлекет ақша бөліп отыр. Үнемі мектептен соң, басы айналып, құсады. Үйге келіп тамақ ішкісі келмейді. Бұл асханадан жалғыз менің балам емес, қаншама балама тамақтанады. Соларға жаным ашиды. неге әділдік жоқ».

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың оқу жасындағы балаларына берілетін ас-ауқат сапасыз әрі санитарлық талапқа сай емес! Осылай деп тапқан қалалық білім және қаржы бөлімі тамақ әзірлеушімен арадағы келісім-шартты тоқтатпақ болған. Алайда кәсіпкер мұнымен келіспей, сотқа жүгінеді. Ал ата-аналар осылайша екі тарап бір-бірімен соттасып жатқанда, оқушылар тамақсыз қалып жатқанын алға тартады.

Әнуар Бейсе, облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы: «Егер өз еркімен қателігін мойындап, ата-аналардан кешірім сұрамаса, кәсіпкер Шолпан Әбдукаримованы біз береміз сотқа. Өйткені бұл кісі жауапкершілік пен балалардың денсаулығын ойламайды. Осылай соттасып жүргенде, балалардың тамағы уақытылы беріліп жатқан жоқ. Қанша жерден көке-жәкесіне сенгем мен бұл жерде еліміздің болашағының тағдыры тұр».

Бүгін осы даулы іске қатысты сот процесінің үшінші отырысы өтті. Тараптардың дауына соңғы нүктені сот қойды. Арнайы

Сот отырысына ата-аналар арнайы келіп қатысты

үзіліс жариялап, сол аралықта судья Жүнісов прокурормен бірге, мектептің асханасына барып, ондағы жағдаймен өз көзімен танысып қайтыпты. Өзінің үкімінде талапкердің тілегін негізсіз деп танып, қалалық білім және қаржы бөлімінің шешімімен келіскен.

Енді №72 мектептің оқушылары сапалы әрі санитарлық талапқа сай тамақ ішеді деп сенеміз.