Көпбалалы Култышеваға көмек көрсетіле бастады

221
Култышеваның жағдайымен танысуда

Көпбалалы, жалғызбасты анаға көмек көрсетіліп жатыр. Үйсіз, күйсіз жүрген Кутышеваның отбасына жәрдемдесем дегендер көп болды. Арнамызда көрсетілген сюжеттен кейін облыстағы бірқатар департаменттер мен бөлімдер бас көтеріп, бүгін әлеуметтік жағдайы төмен отбасына арнайы барды.

Култышеваның жағдайымен танысуда

Облыстық балалардың құқығын қорғау департаменті бастап, қалалық әлеуметтік бағдарламалар және білім бөлімінің сондай-ақ Тассай ауыл округі әкімдігінің мамандары Кутышева Татьянаның үйіне келді. Жалғызбасты ананың жағдайымен өз көздерімен танысып, көмектесуге уәде берді.

Нұржан Асанов, облыстық балалардың құқығын қорғау департаментінің бөлім бастығы:»Бұл жерде Тассай ауыл-округінің әкімдігі дұрыс жұмыс істемеген деп ойлаймын. Елді мекенде жаңақұрылыс көп. Күніге көшіп келетіндер бар. Соларды тіркеп, қаншасы бала, қаншасы мектепке барады, қаншасына балабақша керек деген сауал бойынша жұмыс істемеген. Енді біз балалардың құқығын департаменті бұл отбасыны жіті назарымызға алып, керекті органдарға хат жолдап, қолдан келген көмегімізді аямаймыз .»

Айта кетейік, Кутышеваның балалары бұған дейін Қайнарбұлақ саяжайындағы №82 мектепте оқыған екен. Алайда үстіміздегі жылдың қаңтарынан бастап, қатаң қадағаланатын балалардың тізіміне алынып, іздеуде жүрген көрінеді. Бұл туралы қалалық білім бөлімінің бас маманы хабардар етті.

Наталья Котлярева, қалалық білім бөлімінің бас маманы: «Ия, бір жылдан бері іздеуде жүрген оқушылар. Енді, мектептегі барлық құжаттарын алып, Сайрам аудандық әкімдігіне өткіземіз де, олардың жақын маңдағы мектепке бару жолдарын қарастырамыз».

Ал Тассай ауыл округі әкімдігінің мамандары бұл отбасының тұрғылықты мекенжайға тіркеу мәселесін шешіп, мемлекеттік

Мемлекеттік жәрдемақы алуға жағдай жасалмақ

жәрдемақысын алуға бар жағдай жасайтынын жеткізді.

Дильбар Хажықанова, Тассай ауыл округінің жетекші маманы: «Жатақханаға тіркеуге қойып, жәрдемақы алуға көмектесеміз. Балаларын мектепке орналастырып, киіммен қамтамасыз етеміз. Болмаса тұрып жатқан үйдің егесімен сөйлесіп, күн жылығанша ешқайда шығармауын сұранамыз».

Жауапты мамандардан кеңес алған көпбалалы ана қуанғанынан көзіне жас алды. Тиісті жәрдемақыларымды алсам, балаларымды мектептен қалдырмаймын дейді.

 

 

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=TaLgXiJ5UBg[/youtube]