«ПетроҚазақстан» іске қосылды

237
зауыт тоқтаусыз жұмыс жасайтын болады
зауыт тоқтаусыз жұмыс жасайтын болады
зауыт тоқтаусыз жұмыс жасайтын болады
зауыт тоқтаусыз жұмыс жасайтын болады

«ПетроҚазақстанның» жұмысшыларының алғашқы жұмыс күні жаңа құрылғылармен танысудан басталды. Бір ай бойы жүрген күрделі жөндеу кезінде зауыт жаңа сорғыштар мен элктроқозғалтқыштар орнатып, шіріген құбырлар ауыстырылды. Ең бастысы жаңа жылуалмастырғыш алынған зауытқа. Енді «ПетроҚазақстан» жаңа құрылғылардың арқасында тоқтаусыз жұмыс жасайтын болады.

Виктор Козорезов, инженер, «Бұрын бізде тек бір ғана жылуалмастырғыш жұмыс жасайтын. Қазір тағы да жаңасын іске қостық. Енді жыл он екі ай тоқтаусыз жұмыс жасауға  толық мүмкіндігіміз бар».

Зауытта күрделі жөндеу жұмыстары жыл сайын жүргізіледі. Биыл дизелді отынды күкірт пен бензолдан тазалайтын жаңа жүйе енгізілді. Өйткені бұл Еуро-5 халықаралық стандарттарының талабы. ПетроҚазақстан Еуропа елдерінен өнім сапасын озық етпек. Басқа отын түрлерін күкірттен тазарту жұмысын зауыт келер жылы қолға алмақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=A0WutGwLSFw[/youtube]