Серік Ахметовке Оңтүстік жұрты медаль тақты

қаламгер Мархабат Байғұт Серік Ахметовке "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" медалін тағуда

Қазақ Үкіметінің басшысы ретінде қызыметке кіріскелі өңірлердегі атқарылып жатқан жұмыстармен танысу ісін Серік Ахметов Оңтүстіктен бастады. Осылайша торқалы тойын тойлап отырған өңірдің қол жеткізген табысын көзбен көрді. Үкімет басшысы әсіресе гүлденген, жаңа нысандар көптеп бой көтерген облыс орталығына қызықты. Әсіресе, Бәйдібек баба ескерткішін көріп тамсанды.

Айта кету керек Оңтүстік құрылыс алаңына айналғалы қашан. Әсіресе соңғы 3 жылда құрылыс қарқынын күшейтті. Мысалы, 2010 жылы облыс көлемінде 148 нысан, 2011 жылы 110 нысан пайдалануға берілді. Мұның барлығы да әлеуметтік маңызы бар нысандар. Биыл да осы қарқын жалғасуда. 152 әлеуметтік сала нысанның бірқатары жыл соңына дейін пайдалануға берілмекші.

Әсіресе елді денсаулық сақтау саласына қатысты 64 нысанның құрылысы қызықтырғаны белгілі. Оның 21-і облыстың торқалы тойы қарсанында пайдалануға берілді де.

Құрылыс, экономика, ауылшаруашылығы саласына ғана емес Оңтүстікте руханиятқа да үлкен мән берілген.

Үш жыл бұрын бастау алған «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумы бұл күндері аудан-ауданда ұйымдастырылып әр тоқсан сайын өтіп тұрады.Түлкі­бас­тың төрінде өткен осы басқосуда Елбасымыздың «Қазақстан­ның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласына орай «Әлеуметтік жаңғыр­тылу мұраттарына сәйкес ақсақалдықтың абырой-беделін арттыру – уақыт талабы» тақырыбы талқыға түскенін ел ұмыта қойған жоқ. Таразыға салды. Тәлім алды.

Осының барлығының жиынтығы ретінде Шымкенттегі «Мұз сарайында» С.Ахметовтың қатысуымен өткен негізгі іс-шарада «Нұрын шашқан – Оңтүстік» атты салтанатты сазды бағдарламасы көрсетілді.

Салтанатты жиынға Парламенттің қос палатасындағы оңтүстікқазақстандық депутаттар, белгілі қоғам және өнер қайраткерлері, ҚР Ғылым және білім министрі Б.Жұмағұлов қатысты. Жиын барысында белгілі қаламгер, облысымыздың мақтанышы, «Ырыс алды-ынтымақ» қоғамдық форумының жүргізушісі Мархабат Байғұт Үкімет басшысына «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалін салтанатты түрде табыс етті.

қаламгер Мархабат Байғұт Серік Ахметовке «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалін тағуда