Шымкентте мектеп оқушылары есірткі қолданады

320
Жатат Тәжиева шымкенттік мектептердегі оқушылар есірткі қолданатынын мәлімдеді
Шымкенттік мектеп оқушыларының есірткі қолданатыны мәлім болды

Шымкентте есірткі тасымалдайтын оқушылар да бар. Қалалық білім бөлімінің бастығы Жанат Тәжиева «Қылмысқа жол жоқ» акциясында осылай мәлімдеді. Тіпті тасымалдап қана қоймай, пайдаланып жүргенін айтады. Ал бұл күні акцияға облыстық прокуратураның, ішкі істер басқармасының қызметкерлері, мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар кеңесінің төрағалары, сынып жетекшілер, мектеп жастары ассосациясының басшылары мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Жалпы саны 500-ден астам адамның басын қосқан ауқымы кең шарада оқушылардың құқық бұзушылықтарына тосқауылдың қойылмай тұрғаны да айтылды.

Жанат Тәжиева, Шымкент қалалық білім бөлімінің бастығы: «Ал енді одан бір сорақысы есірткі тасымалдау бойынша оқушылар арасында өкінішке орай кездескен оқушылар болды. Біздің оқушылардың арасында есірткіні қолданбайтын оқушылар бар, бәрі қолданбайды деу мүмкін емес. Біздің оқушылардың арасында, бүгінгі күні жастардың арасында есірткіні қолданатын балалар да өкінішке орай кездеседі. Дәл кешегі уақытта мынау №77 мектепте сабақтан шыққанан кейін, осы оқушылардың арасында жиналып, колледжің балдары келіп ауыр қылмыс алып жатқан жерінен ұсталды».

Бүгінде қылмыстық  іске  Әл-Фараби аудандық прокуратурасы  тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ал мектеп басшылығы орын алған оқиға желісінен тіс жармай отыр. Ал қалалық білім бөлімі осы орайда:

– Ата -аналар, құқық қорғау органдарымен, зейнеткер ұстаздар, педагогтар, кәсіподақтың қатысуымен, қалалық білім бөлімі жанынан тәртіптік кеңес құрылды;

– қыркүйек-қазан айларында «Қылмысқа жол жоқ!», «Қарусыз қала!», «Біз қылмысқа қарсымыз!» атты түрлі айлықтар өткізіп, оқушылар арасынан үгіт топтары құрылды;

– мектеп инспекторларына тәжірибелі инпекторлар тартылды;

– тәрбиесі қиын және құқық бұзушылыққа бейім оқушыларды ата -аналар келісімімен қылмыс жасаған оқушылардың сот процессіне қатыстырылды;

– онлайн режимінде оқушылармен түрлі тәрбиелік мәні бар іс шаралар өткізіп, прокурорлық сағаттар өткізілді;

– барлық мектептер мен мектептен тыс мекемелерге бейнебақылау камералары орнатылды (32 млн.), барлық мектеп, балабақша, мектептен тыс мекемелерінің жанына пркуратура, құқық қорғау органдарының сенім телефондары жазылған билбордтар (7 млн. 687 млн. теңге) ілінді;

– жаңа оқу жылынан бастап барлық оқушылардың күнделіктеріне арнайы стикерлер дайындалды – деп өздерін жұбатып отырған жайы бар. Алайда оқушылар арасындағы қылмыс толастар емес.