Созақ пен Сарыағаш аудандары арзан бағада ауылшаруашылық өнімдерін сатты

505
Мерекелік жәрмеңкеде теріскейдің етіне сұраныс басым болды

Балнұр Оспанова мерекелік жәрмеңкеге арнайы келген. Сарыағашта саудасын шыр айналдырып, напақасын тауып жүрген ол еттің бағасын әдеттегіден 10 пайызға арзан сатуда. Қалтасына әжептеуір салмақ түссе де, торқалы тойға тартуым осы деп отыр.

Мерекелік жәрмеңкеде теріскейдің етіне сұраныс басым болды

Жәрмеңкеге Сарыағаш, Созақ ауданы мен Шымкент қаласының диқандары қатысты. Созақ ауданынан 4 млн теңгенің өнімін әкелінген. Оның ішінде 2,5 тонна ет өнімі бар.

Аманғали Аймұрзаев, Созақ ауданының әкімі: «Теріскейдің еті Оңтүстікте үлкен сұранысқа ие. Сол себепті болар, тонналып әкелген етіміз өтіп кетті. Қымыз-қымыранның да саудасы қызды. Диқандар арзан саттық деп отырған жоқ».

Ал Сарыағаштың дихандары 35 тонна дақыл әкелген. Бұл күні мерекелік жәрмеңкеге арнайы келген саудагерлердің саудасы қызды. Базар нарқынан арзан сатылған ауылшаруашылығы өнімдерін алған жұртшылықтың да көңілі тоқ.

Осы күні шымкенттіктерге арзандатылған бағада 27 тонна көкөніс, 8

Жәрмеңке бағасы жұртшылықтың көңілінен шықты

тонна картоп, 4,5 тонна жеміс, 15 мың дана жұмыртқа, 500 литрден аса сүт өнімдері сатылды. Қорыта айтқанда шым шаһардың тұрғындары 14 миллион теңгеге сауда жасапты. Қорыта айтқанда шым шаһардың тұрғындары 14 миллион теңгеге сауда жасапты.

 

 

 

 

 

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=L1moohhzBms[/youtube]