Ұшақ апаты орын алған жерге ескерткіш қойылуы мүмкін

314
ОҚО әкімі марқұмдардың туыстарымен кездесті

 

ОҚО әкімі марқұмдардың туыстарымен кездесті
ОҚО әкімі марқұмдардың туыстарымен кездесті

Бүгін «Оңтүстік» аймақтық шекара басқармасында облыс әкімі қаза тапқан әскерилердің туыстарымен кездесті. Өңір басшысы құрбан болғандардың жақындарына тағы да қайғысына ортақтасып, көңіл айтып, оларға қандай көмек керегін сұрады. Қаза тапқан азаматтардың әрқайсысы Қазақстанның әр өңірінің тумалары. Осыған орай, жиналған туыстары мәйіттерді туған жеріне жеткізіп, ұшақ қарастыруды өтінді. Облыс басшысы арнайы комиссияның бұл мәселені шешіп беретінін айтып, ұшақ апаты орын алған жерге арнайы ескерткіш орнату жайын да қарастырамыз деді. Бұдан бөлек, қаржылай көмек көрсетіліп, 26 отбасының әрқайсына 1 млн. теңгеден үлестірілді.

Ал еліміздің ҰҚК-нің жеке құрамы ұшақта қаза болған шекарашылардың отбасыларына бір күндік жалақысын аударды. Қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің жақындарына көмек көрсетуге ақша аударуға арнайы есеп-шот ашылды.

Реквизиттері:
Бенефициар: Баймен Сапар Шеразович
ИИК бенефициар:KZ 95 9260 8016 8519 4004
Банк бенефициар: АО «Казкоммерцбанк»
Алушының банктік сәйкестендіру коды: KZKOKZKX
Алушының РНН/ИИН: 430220054 687

Сондай-ақ, қаза болған шекарашылардың балаларын әскери оқу орындарына сынақсыз қабылдау ұсынылды. ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери-көлік ұшағының апаты кезінде көз жұмған шекарашыларды еске алуға арналған шара ұйымдастырды. «Оларды өлді деуге болмайды — Отан үшін жанын қиды деп айту керек. Олардың бәрінің артында балалары қалды. Енді мемлекет оларды өз қамқорлығына алуы керек. Егер әкелерінің жолын жалғастырам десе әскери оқу орындарына сынақсыз қабылдауы тиіс», — дейді Медеу ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Қалматаев.

Апат адам факторынан әлде  техникалық ақаудан орын алғандығы, оқиға орнында табылған ұшақтың қара жәшігі ашылған соң белгілі болады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=E8tDgytSk9I[/youtube]