Балалар және жасөспірімдер орталығы қайта ашылды

Балалар және жасөспірімдер орталығының жөндеуден кейінгі жаңа кейпі

 

Балалар және жасөспірімдер орталығының жөндеуден кейінгі жаңа кейпі

Оқушылардың көптен күткені орындалды. Облыстық балалар және жасөспірімдер орталығы бір жарым жыл бойы жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейін бүгін есігін қайта ашты. Жеткіншектердің қуанышына ортақтасу үшін ел ағалары мен оқушылар да келді. Осынау қуанышты күнге орай қаламыздағы 250 озат оқушы «Жас ұлан» балалар ұйымына қабылданды.

Бүгін орталықтың салтанатты ашылу рәсімі өтті

 

«Байқасаңықздар, бүгін сырт киімімен жүрген ешкім жоқ. Өйткені жылы. Бұл бізді қуантады. Тамаша би залдарымыз бен бен әдемі бөлмелеріміз бар. Біз енді барлық оқушылармен қатар ата-аналарды, қонақтарды ұялмай қабылдауға мүмкіндігіміз бар. Өз орнымызға қайта келуіді оқушылармен бірге бір жарым жыл бойы өте қатты күттік. Жаңа орындықтар мен жаңа жиһаздар, орындықтар сатып алынды. Енді ашық есік күнніде барлық өнерімізді көрсетуге дайыналатын боламыз»,- дейді облыстық балалар және жасөспірімдер орталығының директоры Наталья Смирнова.

Озат оқушыларды «Жас ұлан» балалары ұйымына қабылдау

Бұған дейін осындағы үйірмелер бірнеше мектептерге тарап кеткен болатын. Енді барлық келеңсіздіктер ұмытылып, 3500-ге жуық оқушы бір орталыққа жинала алады. Олармен бірге ұстаздар ұжымы да қуанышты. Айта өтейік, мұндағы жөндеу жұмыстарына 35 млн. теңге бөлінді.

«Біз бұған дейін №12  мектепте дайындалып жүрдік. Енді орталығымыз қайта ашылған соң, өте қуаныштымыз. Мұнда бізге өте қатты ұнады. Кең, жарық әрі әдемі»,- дейді  би үйірмесіне қатысатынАқмаржан Бекмембетова.