«Шымкент шоу» шымкенттіктерге жаңа жылдық бағдарлама ұсынды

Берік Тұрсынбеков
Берік Тұрсынбеков
Берік Тұрсынбеков

Әбдіхалық Әбдіраймовтың басқаруындағы «Шымкент шоу» әзіл-сықақ театры Шымқалалықтарға жаңа жылдық бағдарлама ұсыну мақсатында гастрольдік сапарларымен келді. 28-желтоқсан күні халықтар достығы үйінде аталған өнерлі ұжымның әртістері әзілдерін ұсынып көрерменнің көңілін көтерді. Аталған театрдың әртісі Берік Тұрсынбековпен сәтін салып сұқбаттасқан болатынбыз.

– Берік аға бұл концерттік бағдарламаларыңызда қандай қызықтар болады?

– Біз белгілі бір тақырыпты қозғамаймыз. Саясатқа да көңіл бөлмейміз. Тек өнер сүйер қауымды күлдірсек деген ойымыз ғана. Өйткені күнделікті күйбеңңтіршіліктен шаршағандар біздің әзілімізге тәнті болып бір сәт барлығын ұмытса деген ойымыз бар.

– Сахнада жүргендеріңізге 10 жылдай болыпты. Осы уақыт аралығында театр қандай әртістермен толықты. Жас әртістерді қабылдап жатырсыздар ма?

– Ия көңілді тапқырлар клубында өнер көрсеткен Марат Достаев бірде маған Берік аға сіздер Шымкенттік әртістерді жалмап біттіңіздер ғоі. Сіздерде өнер көрсетпеген әртіс қалмады ғой деп әзілдегені бар еді. Рас бізде кімдер өнер көрсетпеді. Уақыт еншісінде. Ең соңында шыдамдылар ғана қалады.

– Алда қандай жоспарларыңыз бар?

– Жоспар көп. Ең бастысы үлкен концерттік кеш өткізгіміз келеді. Көктем мезгілінде Шымкентте өткізгенге не жетсін. Бірақ бізде зал жоқ. Сондықтанда бұл концерттік бағдарламамыздың алғашқы көрермендері астаналықтар немесе алматылықтар болуы ғажап емес.

– Соңғы кездері «Күлпаш келінді» сахнадан көрмей кеттік?

– Ол рас, соңғы кездері ол кейіпкерді мүлдем сахнаға шығармай қойғаным да бар. Бірақ бірде концерттік кештен кейін апаларым маған қатты ұрысты. Айналайын біз Күлпаш келінді көру үшін келдік. Бүгінгі кешке неге оны ойнамадын деп. Міне содан бері ол Күлпашсыз біздің бірде-бір концерттік кештеріміз өтпейді.