«Алматы» хоккей клубы жаңа маусымға қызу дайындыққа кірісті! Еліміздің оңтүстік өңіріндегі шаһарда команда 20 шілде мен 2 тамыз аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Мұндағы басты мақсат — хоккейшілердің физикалық әлеуетін арттырып, мұз айдынындағы тәсілдерді пысықтау және ұжымның бірлігін нығайту.
КИРИЛЛ БАЕВ, «АЛМАТЫ» ХК ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: «Негізі бұл жиындар оңай өтіп жатқан жоқ, жүктемелер көп, бәріне төземіз, тырысып жатырмыз. Маусымға дайындалып жатырмыз. Спортпен, хоккеймен айналысып жүрміз, Түркістанда да хоккей дамып келеді».
«Алматы» хоккей клубының оқу-жаттығу жиыны жаңа маусымға сапалы дайындық үшін қолайлы жағдайда өтуде. Спорт залдары, мұз айдыны және барлық қажетті жағдай ойыншылардың физикалық формасын жақсартуға, ойын әдістерін пысықтауға және команда болып бірігуге септігін тигізуде.
СЕРГЕЙ МАШИНЕЦ, «АЛМАТЫ» ХК СПОРТШЫСЫ: «Мұнда барлық қолайлы жағдай жасалған: сапалы мұз да, тренажер залдары да, жақсы қонақүй кешені де бар. Командамен жиналып, маусымға сапалы дайындалу үшін таптырмас мүмкіндік, сондықтан Түркістанды таңдадық. Жаттығуларды сапалы өткізу үшін барлық жағдай қарастырылған, жалпы алғанда бұл базада дайындалуға арналған тамаша мүмкіндік».
Қолайлы жағдайлар, мұз айдынындағы жаттығулар мен спорт залдарындағы жұмыс ойыншыларға бабына келіп, шеберлігін арттыруға және одан әрі күшейе түсуге көмектесуде.
Ботакөз Әнуар






