Шымкентте Республикалық айтыс мәресіне жетті

474
Мұхтар Ниязов пен Бекарыс Шойбеков сахна төріне 2-ші жұп болып көтерілді
Қанат Мырзаханов көрерменнің арқасында өз ойымдағыдай айтыса алдым дейді
Қанат Мырзаханов көрерменнің арқасында өз ойымдағыдай айтыса алдым дейді

Қаламыздағы Сәкен Сейфуллин атындағы халықтар достығы үйінде «Жәдігер» жобасының бастамасымен республикалық ақындар айтысы өтті. Айтыстың ерекшелігі сол – еліміздің ең таңдаулы бас ақындары мен жас ақындардың жекпе-жек жыр бәсекесімен өрбіді. Сахна төрінде 4 жұп ақын көтеріліп, сөз асылын саптады. Сахна шымылдығын жерлесіміз Кәрима Оралова мен павлодарлық ақын Рауан Хайдаров түрді. Екінші жұп болып Оңтүстіктің ақыны Ақмарал Леубаева мен алматылық Қанат Мырзаханов айтысты. Ал үшінші жұп қызылордалық жас ақын Мұхтар Ниязов пен Түркістанның таланты Бекарыс Шойбеков. Соңғы жұп болып Оңтүстіктің жас ақыны Нұрлан Есенқұлов пен алматылық Бөрібай Оразымбетов кездесті.

Мейіржан Әлібеков, ұйымдастырушы: «Жәдігердің» де көксегені осы еді. Себебі бұл жоба қазақтың салт-дәстүрі мен жөн-жоралғысын, ауыз әдебиетін, қазақтың жазылмаған поэзиясын, айтыс өнерін кеңінен дәріптей отырып дамытуды басты мақсаты деп біледі. Ал бүгінгі жыр-айтыста байқап отырғанымыз – жастарда жалын бар дегенмен. Аға буын айтыскерлер айтысып-ақ жатыр. Алайда жастардың жалынына төтеп берудің өзі оңайға түспеуде. Сондықтан, қазылар алқасы мен көпшіліктің сұранысы бойынша Рауан Хайдаров пен Қанат Мырзахановты соңғы айналымды жекпе-жек айтысқа шығарымыз. Жастардың жалынды айтысын баршамыз тағатсыздана күтіп отырмыз. Ал жүлдеге келетін болсақ, арнайы көлік тігіліп отырған жоқ. Барлығы да демеушілердің тағайындаған сыйларына».

Оңтүстік тұрғындары бұл жолы да айтыс десе ішкен асын жерге қойды
Оңтүстік тұрғындары бұл жолы да айтыс десе ішкен асын жерге қойды

Қоғамдағы кереғарлықтар мен саясаттың сарсаңын жырларына арқау еткен Ақмарал Леубаева мен Қанат Мырзахановқа көрермен қауымның көрсеткен құрмет-ықыласы ерекше болды. Дегенмен, 19 жасар жас ақын елді аузына қаратты. Ұтымды уәждер айтты. Айта өтейік, қазылар алқасының құрамында Әбілда Аймақ, Абай Қалшабексынды аға буын ақындармен бірге жас ақындар тарапынан Қалижан Білдәшов болды. Алайда басым бағаны айтысқа келген көпшілік беріп отырды.

Қанат Мырзаханов көрерменнің арқасында өз ойымдағыдай айтыса алдым дейді
Қанат Мырзаханов көрермен қошеметі арқасында өз ойымдағыдай айтыса алдым дейді

Қанат Мырзаханов, ақын, Алматы қаласы: «Ия, көңілімнен шықты. Халық жақсы жиналған екен, шапалағы шабытты шақырды. Сондықтан жақсы айтыс жасауға тырыстық. Жалпы адамның емес, Алланың дегені болады. Ал байқағаным көрермендер залында жастарға қарағанда, аға буын басым. Көбіне жастар көп келетін еді Оңтүстікте. Ал Ақмарал Леубаеваға келетін болсам, айтыстың аламанында талай ысылған, азулы ақын. Жалпы бұл әпкемнің айтысын жастайынан тыңдап өстім. Маған ол кісінің айтыстағы ерекшелігі, інім деп сыйлап отыратын мейіріміне разымын. Сол себепті де мен Ақмарал әпкемді жоғары бағалаймын. Ал жүлдеге тоқталар болсам, жүлде жастардан гөрі аға буын ақындарға бұйырғанын қалаймын. Себебі, кейін біз сол ақындар жасына жеткенде кейінгі толқынның бізге жол бергені біздің ата жолымызға сәйкес келеді».

Ал соңғы айналымда өнерсүйерқауымның сұранысы бойынша Қанат Мырзаханов (Алматы қаласы) пен Рауан Хайдаров (Павлодар обл.) қайта айтысты. Нәтижесінде теңдей түсті деп бағалады көпшілік.

Дариға Қуанышова, көрермен: «Айтыс өте керемет өтіп жатыр. Жоғары баға берер едім. Бұл деген ақындарды баптау ғой. Жас ақындар мен бас ақындарды айтысқа шығару деген. Сонда ғана жас ақындарымыз шыңдала түсетіні анық. Бұл тапқырлық! Жас ақындарға риза болдық. Қорықпай, шімірікпей ортаға шығып аға буындармен айтысқа түсуде. Мен Нұрлан Есенқұловтың талантына риза болып отырмын. Жас болса да жасындай жырларын айтып, суырылып шықты».

Нұрбол Тасболатов, көрермен: «Бүгін жасырмаймыз, баршамыз сын көзбен келіп отырмыз. Жас ақындарды уайымдап, солардың орнына толқып та отырмыз. Бір жағы «Жәдігер» деген жоба да жас жоба ғой. Сыни көзқараспен қарап жатырмыз. Жас ақындардың бас ақындармен тартысқа түсуі де өте қызық өрбуде. Өзім Алматыдан келген Қанат деген ақынға разы болып отырмын. Болашақта осы танымал ақындардың орынын басады деп ойлаймын».

Бұл «Жәдігер» халықтық дәстүрлі өнер тобының ұйымдастырған екніші ақындар айтысы. Сонымен халық төреші болған жыр додасында ақындар тең түсті деп бағаланып, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.