Журналистердің үздіктері марапатталды

483
Оңтүстіктің 80 жылда жеткен жетістігі жайында сөз еткендер қомақты қаржыға кенелді
Оңтүстіктің 80 жылда жеткен жетістігі жайында сөз еткендер қомақты қаржыға кенелді
Оңтүстіктің 80 жылда жеткен жетістігі жайында сөз еткендер қомақты қаржыға кенелді

Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық шығармашылық байқаулың жеңімпаздары марапатталды. Оңтүстіктің тыныс тіршілігі мен толағай табысын паш етіп жүрген журналистердің үздіктері арнайы сыйға ие болды. Бас жүлде – 1 миллион теңге, ал 1-орын алғандарға 700 мың теңге сыйақы тағайындалған. Республикалық, аймақтық, жергілікті БАҚ-да қызмет етіп жүрген тілшілердің арасында елімізге есімі белгілі журналистермен қатар жас тілшілер де ынталандыру сыйлығына ие болды.

Ғани Қалмаханов, «Қазақстан» ҰА ОҚО-ғы тілшісі: «Бұл марапат журналистерге серпін берері сөзсіз. ОҚО-ның бар ақпаратын республика жұртшылығына паш етіп, мерейін үстем ету бізге міндет».

Өлкеміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өркендеу жолын, жергілікті жаңалықтарды жедел жеткізіп жүрген «Оңтүстік Рабат» газетінің тілшісі, әріптесіміз Тағабай Қасым ынталандыру сыйлыған ие болды.

Тағабай Қасымның дәл осы күні туылған күні еді
Тағабай Қасымның дәл осы күні туылған күні еді

Тағабай Қасым, «Оңтүстік Рабат» газетінің тілшісі: «Мен «Оңтүстік Рабат» газетінің жас тілшісімін. «Оңтүстік Рабат»  облыстың күнделікті жаңалығын елге дер кезінде жеткізіп, елдің мұң мұқтажын тыңдап, ортақ шешім табуына мұрындық болуға талпынады. Мұнымен жұмыс тоқтамайды. Алдағы уақытта да жұмысты жандандыра түсетін боламыз».

Төменде жүлдеге ие болған журналистердің тізімін ұсынамыз.

ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚ БОЙЫНША:
Бас жүлде – 1 000 000 теңге. Комиссия мүшелері байқауға қатысушылардың жұмыстарын саралай келе бас жүлдені 500 мың теңгеден екіге бөліп, 2 журналистке беру жөнінде ұйғарым жасады. Олар:
Қанат Әуесбай – «Қазақстан» ұлттық арнасының тілшісі;
Пердеғани Қалмаханов – «Қазақстан» ұлттық арнасының облыстағы меншікті тілшісі.
Бірінші орын – 700 мың теңге. Комиссия мүшелерінің бірауыздан қолдауымен бірінші орынды «Медиа Астана» продюсерлік орталығының журналистеріне (Ерлан Атамбай, Нұрбол Алманов) тапсыру ұйғарылды.
Екінші орын – 500 мың теңге. Комиссия мүшелері екінші орынды екіге бөліп, 2 журналистке тапсыруды ұйғарды. Олар:
Досымжан Ермұрат – «Қазақ» радиосының редакторы;
Құралай Жұмахан – «Шалқар» радиосының редакторы.
Үшінші орын – 300 мың теңге. Комиссия мүшелері үшінші орынды үшке бөліп, 3 журналистке тапсыруды ұйғарды. Олар:
Айнұр Ақбаева – «7 арна» телеарнасының облыстағы меншікті тілшісі;
Айзада Төребекқызы – «Астана» телеарнасының облыстағы меншікті тілшісі;
Мира Сүлейменова – «31 арна» телеарнасының облыстағы меншікті тілшісі.

Ынталандыру сыйлығын «24 kz» телеарнасының облыстағы меншікті тілшісі Қанат Жүнісбековке тапсыру ұйғарылды.

Электронды БАҚ бойынша жоғарыда аталған ұйғарымдар комиссия мүшелерінің бірауыздан дауыс беруімен қабылданды.
2. БАСПА БАҚ БОЙЫНША:
Бас жүлде – 1 000 000 теңге. Комиссия мүшелері байқауға қатысушылардың жұмыстарын саралай келе бас жүлдені «Айқын» газеті бас редакторының орынбасары Берік Бейсенұлына тапсыруды ұйғарды.
Бірінші орын – 700 000 теңге. Комиссия мүшелері бірінші орынды «Түркістан» газетінің тілшісі Гүлзина Бектасоваға тапсыруды ұйғарды.
Екінші орын – 500 000 теңге. Комиссия мүшелері екінші орынды екіге бөліп, 2 журналистке тапсыруды ұйғарды. Олар:
Мұрат Алмасбекұлы – «Ұлт Times» газетінің тілшісі;
Любовь Доброта – «Казахстанская правда» газетінің облыстағы меншікті тілшісі.
Үшінші орын – 300 000 теңге. Комиссия мүшелері үшінші орынды үшке бөліп, 3 журналистке тапсыруды ұйғарды. Олар:
Нұрлан Жұмахан – «Дала мен қала» газетінің тілшісі;
Қаракөз Сімәділ – «Қазақ әдебиеті» газетінің тілшісі;
Сейдолла Садықов – журналист, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-інің оқытушысы, ғылым докторы.
Комиссия мүшелері ынталандыру сыйлықтарын келесі журналистерге тапсыруды ұйғарды:
Серікбол Хасан – «Ұлан» газетінің тілшісі;
Нағашыбай Қабылбеков – «Қазақстан – Zaman» газетінің тілшісі;
Динара Бітікова – «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі;
Тағабай Қасымов – «Спорт» газетінің тілшісі;
Әліп Әбдісаттар – «Президент және халық» газетінің тілшісі;
Жабал Шойынбет – «Жас қазақ үні» газетінің тілшісі.