Қақ маңдайына пышақ тығылған жүргізуші ауруханада жатыр

410
Қақ шекесіне пышақ сұғылған такси жүргізушісі нейрохирургия бөлімінде
Қақ шекесіне пышақ сұғылған такси жүргізушісі нейрохирургия бөлімінде
Қақ шекесіне пышақ сұғылған такси жүргізушісі нейрохирургия бөлімінде

Шымкентте болған жантүршігерлік оқиғаға қатысты жаңа деректер анықталды. Қақ шекесіне пышақ қадап кеткен такси жүргізушісін бұзақылар тағы 13 жерінен пышақтап кеткен екен.  Бүгінде ол Шымкент қалалық №2 ауруханасының нейрохирургия бөлімінде жатыр. Естеріңізге сала кетейік, Қайтпас-1 шағын ауданында түнгі 10. 30-дар шамасында ер кісі бас сүйегі пышақталып, соққы алғаны туралы айтқан болатынбыз. Такси жүргізушісін екі клиент осылай аяусыз жарақаттаған. Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасының екі тобы келіп, ауыр жарақаты бар зардап шегушіні ауруханаға жеткізіп, дәрігерлер бірден ота жасауға кіріскен.

Дәрігерлер зардап шегуші денесінің 13 жерінен пышақталса да, аман қалғанын айтады. Енді оның өміріне ешқандай қауіп жоқ деп сендірді. Бірақ аурухана басшылығы неге екені белгісіз, жәбірленушінің палатасына кіруге қарсылық көрсетті.

Бұл қанды қол қарақшылардың қаныпезер тірлігі кімді де болса бей жай қалдырмайтыны сөзсіз. Екі жас жігіт такси жүргізушісінің қолын қанатып, қақ шекесіне пышақ тығып кетті. Оқиға Қайтпас-1 шағын ауданындағы Гүлдала көшесінің бойында орын алған. Жүргізушінің өзі осы жарақатына қарамастан көмек шақыртқанына дәрігерлер аң-таң.

Такси жүргізушісі Дулати көшесінің бойынан екі клиентті отырғызады. Олар өздерін Қайтпасқа жеткізіп салуын сұранған. Керек жеріне жеткен соң, жүргізушінің қолын жарақаттап, қақ шекесіне асхана пышағын ұрып, оқиға орнынан бой тасалаған. Зардап шегушінің өзі жедел жәрдем бригадасын шақыртса керек. Қазір бұл қаныпезерлік әрекет бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталып кетті. Күдіктілер іздестірілу үстінде.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=EIFowVC-Htk[/youtube]