Қолөнершілер қамқорлықты сезінуде

«Петроқазақстандықтар» әркез жақсылық жасауға құштар

«Петроқазақстандықтар» әркез жақсылық жасауға құштар. Қайырымды компания өткен жылды жемісті аяқтады. Биылға жоспарланған қайырымдылық іс-шаралары да жоталы. Маңызы ерек акциялардың алғашқысы  облыстық жасөспірімдер үйінен басталды.

«Петроқазақстандықтар» әркез жақсылық жасауға құштар
«Петроқазақстандықтар» әркез жақсылық жасауға құштар

Балалар үйінің тәрбиеленушілері әлеуетті компанияның қамқорлығынан кенде емес. Дарынды шәкірттердің қолтығынан демеп, көмек қолын созу  «ПетроҚазақстанның»  маңызды міндеті. Одан бөлек,  мектепті тігін мәшинелері, спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп келеді. Осындай қамқорлықты сезінген шәкірттерінің біршама жетістіктері баршылық. Айталық, ауыр атлетикадан Азия чемпионатының жүлдегері Рита Черезова, бокстан ел чемпионы Таңшолпан Қанатаева осы мектептің шәкірттері. Кейінгі кездері қолөнершілерді дайындауға көңіл бөлініп жатқандығын аңғардық. Облысқа танымал қолөнершілердің басын қосқан әуелгі акцияның ерекшелігі осында. Мұндағы мақсат – қолөнершілердің жұмысымен танысып, шәкірттердің қызығушылығын ояту. Жиынға елімізге белгілі қолөнерші Болатбек Бейісбеков, облыстық «қолөнер орталығының» басшысы Эльмира Шермұхамбетова арнайы келіпті. Көрмеге қойылған зергерлердің қолөнер бұйымдары көпшіліктің көңілінен шыққаны анық. Бұйымдар ұлттық ерекшеліктеріміз негізінде жасалыпты. Құрметті қонақтар дөңгелек үстел барысында өздерінің шеберліктерімен бөлісіп, шәкірттерге мазмұны терең ой айтты. Білім ордасының басшысы Сарбиназ Сүлейменова игі істің бастамашысы болып жүрген «ПетроҚазақстанның» жұртшылықпен байланыс бөлімінің аға үйлестірушісі Гүлайхан Ембердиеваға алғысын жаудырды.