«Қызыл сызықты» елемейтіндердің көбі – Шымкентте

319
Бақытжан Әшірбаев

Сәулетшілер жауапкершіліктен жұрдай! Бітпейтін жарнама жырын облыс әкімі тағы көтерді. Заңсыз құрылыс пен жабайы жарнамалармен күресуге жауапты органдар қауқарсыз.

Асқар Мырзахметов, ОҚО әкімі: «Шымкент үшінші қала болу керек дейміз. Мәдениеттілікті көтерейікте кішкене. Бір ізділікпен эскизін дайындайық, түсіндірейік. Әркім ойына келгенді жазып тастаған, табалдырығына дейін. Мұны қашан реттейміз? Менің сұрап отырғаным осы. Қашан?»

Былтыр бір ғана Шымкенттің өзінде жабайы жарнамаға байланысты 47 рет рейд жұмыстары жүргізілген. Алайда нәтиже жоқ. Үшінші қала болады деген шымшаһарда бірыңғай дизайн қашан болады деген сауалға облыстың бас сәулетшісі де жауап бере алмады. Есесіне қызыл сызыққа мән бермей құрылыс жүргізетін аудандарды нақты атады. Олардың көшін тағы да Шымкент бастаса, Түркістан мен Сарыағаш қалалары қоштап тұр екен. Ал Шымкенттің бас жоспары бойынша өз тарапынан жұмыстары аяқталғанын жария етті.

Бақытжан Әшірбаев
Бақытжан Әшірбаев

Бақытжан Әшірбаев,ОҚО сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы:»Біздің тараптан барлық жұмыстары бітті. Келісілген нұсқасын да бергенбіз.Ар жағы қала мен аудандардың жұмысы. Десе де жауапкершілігімізден қашпаймыз».

Облыс бойынша 177 компанияның жобалау-сметалық құжат дайындауға лицензиясы бар. Бұл туралы сәулет құрылысын бақылау және лицензиялау департаменті хабардар етті. Бірақ, саны мен жобаның қаржысын өсіріп отырған бұл компаниялардың сапасы сын көтермейді. Сондықтан да құрғақ құжат, смета жобасы қыруар шығынға әкеліп отырғанын облыс басшысы жасырмады.

Асқар Мырзахметов, ОҚО әкімі: «177-нің барлығы лицензияларын алып алады да, нақты жұмыс жоқ. олардың білікті мамандары да жоқ. Бір мектептің сметасының құнын аспандатқаннан басқа ешнарсе білмейді. Бір оқушыға 2 млн.200 мың шығынға жоба жасайды. Кезінде біз оны  1 млн. жасауға болатынын дәлелдеп бергенбіз. Бір нарсе дейін десең, лицензиясы бар. Қашан шынайы іске кірісеміз, қашан мұны реттейміз?»

Осындай өзекті сауалдарды талқылаған облыс басшысы басқарманың атқарған жұмысына көңілі толмады. Сондықтан да атқарылатын жоспарын түзгенін, тағы бір алқалы жиын өткізуде тапсырды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=F1ENvasxal0[/youtube]