«Өңірде орын алған төтенше жағдайға облыс әкімі, депутаттар жауапты»

505
Қаңтардың 11-і күні жауын мен күшті желдің салдарынан алай-дүлей болған бораннан Сарыағаш ауданына қарасты Қарақалпақ елді мекенінде 38 үйді су басып, екі үй құлап қалған
Ұйытқып соққан дауылдан Созақ ауданының 26 елді мекені тас-түнекке оранған
Ұйытқып соққан дауылдан Созақ ауданының 26 елді мекені тас-түнекке оранған

Тиісті сала өкілдері өз деңгейінде жұмыс істесе, қараша халық зардап шекпес еді. Сарыағаш ауданында болған табиғи апаттың салдары  облыстық мәслихаттың  кезектен тыс 11-ші сессиясында  көтерілді. Депутаттар күн тәртібіне еңгізілген  облыстық бюджетті бекіту  мәселесін аз ғана уақыт ішінде қарап тастап, тасқын судан зардап шеккендер жайын сөз етті.

Әбілқасым Досболов, облыстық мәслихаттың депутаты: «Сенбі күні су тасқыны орын алған елді мекендерде болдық. Ақсақалдар  жағы  жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы Кенжехан Төлебаевты таудан аққан судың ағымына төтеп беру мақсатында тоған салу қажетігін екі жыл бұрын,  былтыр да ескерткенбіз деп шулап жүр».

Жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы мамандары өздеріне жүктелген жұмысты өз деңгейінде атқарып жатқан жоқ. Мәслихат депутаттары осылай деп төтеншеліктерді сынап тастады. Өйткені алдын алу шараларын жүргізуге болар еді дейді халық қалаулылары.

Әбілқасым Досболов: «Кенжехан Төлебаевті көрген  ауыл билері оны су алған  аулаларға шақырды. Бірақ ол қалай барсын, аяғында туфли,  топан су Таукехан бойында деп ойлаған болар. Басқарма  төтенше жағдайдың алдын алу бойынша жұмыс жүргізбеген. Жоспар құрмаған. Әйтпесе, 2008 жылы ақпанда дәл осындай су тасқыны болған емес пе еді. Сабақ болмаған көрінеді».

Депутаттар бұл жағдай сала өкілдеріне сабақ болуы керек дейді. Өйткені алда көктем, қолды кеш сермейтінін әдетінен қалмаса, қара халық тағы да жапа шегуі мүмкін деп қауіптенеді. Облыстық мәслихат депуттары табиғи апаттан запдап шеккен ағайынға қаржылай көмек береміз деп шешеті. Бірақ апат болғасын ақша жинап,  абырой іздегенше , болдырмау жағын ойлаған әлдеқайда арзан түсетінін тағы да еске салды.

Аманолла Раманқұл, облыстық мәслихаттың депутаты: «Кентау қаласында ТЭЦ жұмыстан шықты, Темірланда екі рет су топаны болды, оның неден болғаны,  қортындысы осы күнге дейін белгісіз. Міне, енді Сарыағашта және Созақта осындай жағдай орын алып отыр.  Кінәлілерді іздемей, себептерін анықтап, талдайық. Кім көпірді, нысандарды салды мердігерлерді, жобалық-сметалық құжат әзірлеген мекемелерді анықтайық. Орын алған жағдайға  облас басшысынан  бастап,  осында  отырған депутаттар жауапты».

Ал облыс басшысы қазір шығын көлемі нақтыланып жатқанын айтты. Ал топан су мен дүлей дауылдан зардап шеккендерге көмек беру басты назарда деді. Тіпті республикалық бюджеттен қаржы бөлу жөнінде хат та жолданған.

Асқар Мырзахметов, облыс әкімі: «Созақ ауданы бойынша  республикалық бюджеттен  қаржылай көмек көрсетіледі. 3 текше метр ағаш та жақында алып келінеді. Сондай -ақ шифрелер де жеткізілуде. 78 мың дана қажет болса, 24 мыңы-ауданға жеткізілді, 30 мың данасы   жақынарада жеткізіледі. Бүгінде  зақым  тиген үйлерге құжаттар әзірлеу тапсырылды. Алайда құжаттарын рәсімдемегендер де бар. Оларға қордан көмектемесіз. Ауданның өзінде бюджеттік бағдарлама бойынша қаржы табылды. Облыста  қазір барлық мүмкіндіктерді қарастырудамыз. Ірі компания басшыларына  қолдау көрсету жөнінде хат жолданды. Кәсікерлер де тыс қалмайды деп отырмыз. Ел болып,  жапа шеккен  бауырларымызға қолдан келген көмекті көрсетіп, азаматтық борышымызды орындауымыз қажет».

Сарыағаш ауданында 2008 жылы да дәл осындай апат болған еді
Сарыағаш ауданында 2008 жылы да дәл осындай апат болған еді

Табиғи апаттан зардап шеккен елді меукендердегі құрылыс нысандары тексеріліп, жұмыстардың сапасыз жүргізілгендігі анықталса мердігер компаниялар, жобалық сметалық құжаттарды әзірлеген мекемелердің басшылары жауапқа тартылады. Облыс басшысы Асқар Мырзахметов осылай деп қадап айтты. Жауапты басқармалардың апаттың алдын алу шараларын қалай жүргізгені де зерттелмек.

Айта кетейік, Әбілқасым Досболов зардап шеккен жерлестерімізге  көмек көрсету үшін өз тарапынан 1 млн теңге аударды.