Алматы аумағында ұшақ құлады

959
Бұл дерек бойынша Бас көлік прокуратурасы ҚР ҚК 295-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғап, өзінің өндірісіне қабылдады

Тағы да ұшақ апаты! Алматыда «Скат» компаниясынаның   «Challenger-200»  ұшағы құлады. Анығырақ айтсақ, ұшақ Алматы әуежайы маңындағы Қызылту елдімекені аумағында апатқа ұшырады.

Бұл жайында суыт хабар сағат 14-00-де түскен. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 13 жедел-көмек тобы аттанып, 3 көмек көлігі апат болған орынға жіберілген.

Бейресми мәліметтерге сенсек,  апат «Кокшетау – Алматы»  DV 760 бағытында болған. Ұшақ Астана уақытымен айтқанда – сағат 12-50-де Астана қаласына жетуі тиіс болатын.

Алайда, Алматы әуежайы бағыттың әлі күнге жетпегенін айтқан. Ұшақта 22 адам болған. Ұшак бортында 5 экипаж мүшесі мен 15 жолаушы болған.