Мәжіліс депутаты: Елбасы Жолдауы – Пайғамбарымыздың хадисімен үндесіп жатыр

Розақұл Халмұрадов Парламент Мәжілісінің депутаты
Розақұл Халмұрадов Парламент Мәжілісінің депутаты
Розақұл Халмұрадов Парламент Мәжілісінің депутаты

Мәжіліс депутаттары Елбасының халыққа жолдауын Пайғамбарымыздың хадистерінен кем көрмейді. Бүгін Шымкентке бір топ Парламент Мәжілісінің депутаттары келді. Олардың арасында Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған халық қалаулылары да бар. Облыс әкімдігінде өткен жиынға облыстағы этно-мәдени орталық басшылары, депутаттар мен ғалымдар, педагогтар да қатысты.

Жиынды облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов жүргізді. Қазақстан 2050 стратегиясы ұзақтығы, қойылған мақсаттар мен міндеттерінің ауқымдығы жағынан бірегей құжат десті жиналғандар. «Елдің елдігіне сын болатын 10 қауіп-қатерді» нақтылай келе, депутат Розақұл Халмұрадов ойын Пайғамбар сөзімен жеткізуге тырысты.

Ал облыстық мәслихат депутаты Өмірзақ Мелдеханов мәжілісмен әріптестеріне бірқатар ұсыныстарын жеткізуге асықты. Мәселен, елімізде дәстүрлі діндерден басқа ағымдарға тиым салып, Заң жүзінде бекіту қажет дейді ол. Себебі, бұл тұрғыда халыққа төніп тұрған қауіп басым боп тұр.

Сондай-ақ, қаптап кеткен шағыннесиелік ұйымдардың халыққа берер пайдасынан зияны көптігі де айтылды. Жолдауда ерекше назар аударылған ауыл әкімдерінің сайлауына қатысты да пікірлер көп.

Осылайша, Президенттің Жолдауын – Жахандық даму жолы деп түйген олар тек бірлесіп қана, бүкіл халықтың күш-жігерін біріктіріп қана біз алға басамыз деп тарқасты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=XZEveahrMYk[/youtube]