Марқұм Дина Асфендиярова №8 мектептің түлегі

366
Дина Асфендиярова
Оқушылар бүгінгі сабақтарын 1 минут үнсіздіктен бастады
Оқушылар бүгінгі сабақтарын 1 минут үнсіздіктен бастады

Әуе апатынан қайтыс болған жерлесіміз, борт серігі Дина Асфендиярованы бүгін мектеп оқушылары да еске алды. Дина 2007 жылы шымкенттегі 8-ші гимназия-мектебін бітірген екен. Үздік түлек мектепте жүргенде-ақ ізденімпаздығымен, көшбасшы қасиетімен ерекшеленген. Ұстаздары шәкіртінің арманына жеткеніне қуанып отырушы едік дейді.

Марқұмның сынып жетекшісі Марина Ли шәкіртінің озат оқығанын айтады. Оны сынып журналындағы мына бағалар да

Марина  Ли
Марина Ли, марқұм Динаның сынып жетекшісі

растайды. «Құрдастарының арасында көшбасшы атанып кеткен Дина жанып тұрған жұлдыз болатын»,- дейді оқытушысы.

Марина Ли, сынып жетекшісі: «Оның бала күнгі арманы әрдайым биіктен көріну болатын. Сол арман жетелеп борт серігі мамандығын меңгеріп, қалықтап биікке ұшты. Бірақ, жұлдызы жарқ етіп, ерте сөнеді деп кім ойлапты».

Алдыңғы толқын әпкелерінің қазасы мектеп оқушыларының да қабырғасын қайыстырды. Кешегі шәкіртіне құрмет көрсетіп, отбасының қайғысына ортақтасқан мектеп ұжымы ол туралы өткен шақта айтып, суретіне гүл шоқтарын қойды.

Айша Керімбаева, оқушы: «Бұл қайғылы оқиға біздің мектеп ұжымына қатты тиді. Динаны танитын мұғалімдер, оның арамыздан ерте кеткеніне сенгісі де келмейді».

Қамшының сабындай қысқа өмірінде өшпестей із қалдырған Динаны ұстаздары мәңгі жадында сақтайды. Оның артында екі жасар қызы мен жолдасы қалды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=cJEn0WRFk3I[/youtube]

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=v2QY7tX5zXE[/youtube]