Шығыс Қазақстанда жоғалған бала оңтүстіктен табылды

Сашаны бейімдеу орталығына Ордабасы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері әкелген
Сашаны бейімдеу орталығына Ордабасы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері әкелген
Сашаны бейімдеу орталығына Ордабасы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері әкелген

Жоғалған бала табылды. Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын жаңалықтарымызда балаларды оңалту орталығына түскен жеткіншек туралы айтқан болатынбыз. Өздігінен сөйлей алмайтын бозбала атының Саша екенін қағазға жазып жүріп, әрең түсіндірген. Жақында жоғалған жасөспірімді танитындар табылды.

Жасөспірім осыдан 2 ай бұрын оңалту орталығына жеткізілген болатын. Өзін Саша деп таныстырғаннан басқа ешқандай мәлімет бере алмаған жасөспірім Орбадасы ауданынан келген. Сондағы Қараспан ауылында қаңғып жүрген жерінен тәртіп сақшылары тауып алады.

Сәуле Оңғарбаева, әлеуметтік педагог: «Көріп тұрғандарыңыздай бала сөйлей алмайды. Дегенмен өз атын жаза алады. Анасы бар екенін және зейнетақы алатынын жазып берді».

Бұл кісі – Сашаның тәрбиешісі. Шығыс Қазақстанның арнайы келген маман жеткіншектің 18 жаста екенін және есімінің Александр Маслаков екенін айтты. Бала – тұл жетім. Сондықтан Аягөздегі медициналық-әлеуметтік орталыққа қайта барады.

Әрине, жоғалғанның табылғаны жақсы. Дегенмен Сашаның өзі Аягөзге қайттуға қуана қойған жоқ. Үйіңе қайтқың келе ме деген сауалға дұрыс жауап беруге тағы да тәрбиешілері көмектесті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=YWtU7bMH8n4[/youtube]