Шымкенттіктер 13-тен қорықпайды

Он үш саны енді шымкенттік көліктердегі Х-тың орнын алмастырады
Он үш саны енді  шымкенттік көліктердегі  Х-тың орнын алмастырады
Он үш саны енді шымкенттік көліктердегі Х-тың орнын алмастырады

Он үш саны енді шымкенттік көліктердегі Х-тың орнын алмастырады. Автокөлік нөмірлерінде бұдан былай еліміздің туы мен облыстың коды көрініс табады.

Жаңа нөмірі
Жаңа нөмірі

Мәселен Астана қаласы – 01, Алматы қаласы – 02… Ары қарай алфавиттік кезекпен әр аймақ сәйкес цифрға ие болмақ. Сала мамандары бұрынғы үлгідегі нөмірмен жүрген жүргізушілерге көлік нөмі рін ауыс-тыру міндеттелмейтіндігі және бұл процесс сатылы түрде жүретіндігін айтады. Мемлекеттік нөмірлерді беру жүйесі мен қайта рәсімдеу өзгермейді. Нөмірді жоғалтып алған жағдайда көлік иесіне жаңа нөмірлер беріледі. Жаңа нөмірлердің дизайны БҰҰ-ның «Жол қозғалысы туралы» конвенциясы ережесіне сәйкес келеді. Сондай-ақ ескі нөмірлерді жаңа нөмірлерге ауыстыруға міндет қойылмайды. Ескі үлгідегі автокөлік нөмірлері тозығы жеткенше қолданылады. Жаңа нөмір ауыстыру үшін ешқандай төлем жасамайсыз. Нөмірлер тіркеу және қайта тіркеу тәртібі бойынша берілетін болады. Жалпы, елімізде жаңа нөмірлер өткен жылдың 12 желтоқсанынан бастап беріле бастаған. Ресми мәліметтерге қарағанда осыған дейін 3716 нөмір берілген. Алматының өзінде осы уақыт аралығында 3716 автокөлік иесіне жаңа үлгідегі нөмірлер үлестірілгені белгілі болып отыр. Біздің шымкенттік көліктер де жуырда 13 саны таңбаланған жаңа нөмірлермен жүйткитін болады.