Созақтықтардың шатыры жабылып бітті

265
Созақтықтар апаттың салдарын жойды
Созақтықтар апаттың салдарын жойды
Созақтықтар апаттың салдарын жойды

Созақ ауданындағы табиғи апаттан зардап шеккен 42 әлеуметтік нысан мен 1949 жеке тұрғын үй қалпына келтірілді. Облыс әкімі өткізген селекторлық жиында осындай мәлімет берілді. Оған жергілікті бюджеттен 111 млн. теңге бөлінсе, қосымша ауданда арнайы құрылған қорға 3 миллионнан астам қаржы түскен. Бүгін облыс басшысы берілген тапсырманың орындалуы мен сапасын байқау үшін, ауданға кетті.

Теріскейдегі шатырсыз қалған екі мыңға жуық тұрғын үйдің төбесі 100 пайызға жабылып бітті. Бұл іс жергілікті және өзге аудан-қалалардың жиырма мердігер компаниясынің көмегімен жасалды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл болды дейді тұрғындар.

Осы апатты қалпына келтіруде анық болғаны, 436-үйдің заңды құжаты да жоқ. Ауданда арнайы құрылған қорға жиналған 3 млн теңге оны рәсімдеуге жұмсалуда.

Кенжехан Төлебаев, ОҚО жұмылдыру, азаматтың қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы: «Құжатың жоқ  деп, тастауға болмайды. Оларға қаржыландыру мақсатында аудан мен облыста арнайы қор құрылып, облыстың қайрымдылық қорға 200 млн. ақша түсіп тұрас, аудандық қорға 5 миллион теңге көлемінде қаржы түсіп тұр».

Табиғаттың тосын мінезіне Созаққа барар жолдағы асулардың жабылуы құрылыс материалдарын жеткізуде қолды байлаған.

Жөндеу жұмыстарына үш мыңға жуық құрылысшы жұмылдырылған
Жөндеу жұмыстарына үш мыңға жуық құрылысшы жұмылдырылған

Тек соңғы күндері күн жылып, жұмыс өнді. Көпшілік көмекке келгенінің нәтижесінде, шатыры ұшқан мектептерде оқу тоқтатылған жоқ.

Аманғали Аймұрзаев, Созақ ауданының әкімі: «42 әлеуметтік нысанның ішінде мектеп болатын. Екеуінен басқасының жұмысы бүгін аяқталады. 18 мектеп толыққанды жұмысын жасап жатыр».

Селекторлық жиында да облыс әкімі 1 аптаның ішінде теріскейдегі жағдайдың түзелгенін айтты. Жұртшылықты енді тек мешіт жәйі алаңдатып отыр екен. Әкімнен осы тұсқа назар аударуын сұранды.

Асқар Мырзахметов, ОҚО әкімі: «Қараусыз қалмайтынына ешқандай күмәніміз жоқ. Ел болып оны да жабамыз».

Созақтағы сұрапыл миллондаған шығын келтірігенімен, адамдар аман. Бас аман болса, басқасы жөнделеді деген расталды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=WAJXkD1tRJY[/youtube]