«Арулар» бас қосты

354
арулар бас қосты
арулар бас қосты
арулар бас қосты

Шымкентте «Арулар» клубының мүшелері бас қосты. 50-ден аса көшбасшы қыз-келіншек бұл жолы косметология саласының мамандарымен кездесті. Сұлулық сырбаздары саладағы соңғы жаңалықтарымен таныстырды жиналғандарды.

Әйелдердің құқын қорғау – «Арулар» клубының мүшелерінің негізгі міндеті. Төрт жылдан бері арулардың жағдайын бірінші орынға қойған шымкенттік белсенді қыз-келіншек осы бағытта түрлі акциялар мен іс-шара өткізіп үлгірді.

Рысалат Ахметова, облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы: «Өткен жылы Көксәйектегі балалар интернат тәрбиеленушілеріне аукцион көрме өткіздік. Балаларрдың құқығын қорғау мерексіне орайластырып өткізілген шараға тек біздің белсенділер ғана емес, бүкіл қоғам үн қосты. Акцияның нәтижесінде «Газель» автокөлігін сатып алдық».

Бұл жолы көшбасшы әйелдер облыстың косметологтарымен кездесті. Сұлулық әлемінің соңғы жетістіктерімен таныстырды мамандар. Өйткені отбасы мен қызметті қатар алып жүрген қыз-келіншекке – сымбатына сын келтірмеу маңызды. Косметолог Виолетта Пробердің айтуынша, шымкенттіктер сұлулықты сақтаудың Европалық инновациялық әдістерін көптеп қолдануда.

Виолетта Пробер, косметолог: «Әрине сұлулық әлемінде Францияның орны ерек. Түрлі пилингтер керемет әсер береді. Теріні ылғалдандырып, әрлендіріп, серпімді қалпын сақтауда пилинтің ықпалы зор. Нәтижесі тез болатын сұлулық әдістеріне шымкенттік қыз-келіншектер де дән риза.»

«Арулар» қыз-келіншектер клубының мүшелері айына 2 рет бас қосып отырады. Олар нәзік жандыларды әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қорғалуын қадағалайды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=lrXeihCKG44[/youtube]