«Серпін» жастарды серпілте алады

314
Жастардың ауылға барғаны дұрыс
Ел ағалары жастардан үлкен серпіліс күтеді
Ел ағалары жастардан үлкен серпіліс күтеді

Соңғы кезде жұмыссыз жастар деген сөз тіркесіне үйреншікті қарайтын болдық. Өйткені көп жиында осы мәселе көтеріледі және оны шешудің жолдары қарастырылады. Жастар тәжірбиесіне қатысты арнайы бағдарламалар қолға алынып, тиімді ұсыныстар беріліп жатыр. Алайда аға буын екі қолға күрек іздеп сабылған жастарды маусымдық жұмыс кезінде шаммен іздеп таппаймыз деп ренжиді.

Әбілқасым Досболов, облыстық мәслихаттың депутаты: «Әсіресе, біздің Мақтарал ауданында жастар көп. Бірақ, күзде мақта терімі басталған кезде жинайтын адам жоқ. Жастардың көбісі барғысы келмейді».

Шын мәнінде жастар үшін ауылдағы өмір арман болмай тұр. Жұмыс тәжірбиесін арттыру үшін ауылға барып, жағдайын жақсартуы үшін жастарға «Дипломмен ауылға» атты бағдарлама да жасалды. Бірақ түптеп келгенде, бәрінің қалаға мойны бұрып тұрады.

Абай Андабаев: «Ауылда жағдай жоқ. Суды алатын болсақ,оның өзін тасып ішеді. Егер ауылда суды үйіне кіргізіп жатса, барлық жағдай жасалса, онда жастар барады».

Менің, сенің, оның әйтеуір ауылға барғысы жоқ. Өйткені проблемасы көп. Алайда сол мәселелерді білікті маман бізбен сіз барып шешуге неге ат салыспасқа, қалада пәтер жалдап, жұмыссыздардың санын көбейтіп жүргеннен елге пайдамыз тимейді дейді жас отандықтар.

Жастардың ауылға барғаны дұрыс
Жастардың ауылға барғаны дұрыс

Нұрлан Сыдықов, республикалық «Жас Отан» жастар қанатының атқарушысы хатшысы: «Қалада жалға пәтер жалдау өте қымбат. Жалақысын алып, пәтеріне береді. Содан барып, жастар уақытын жоғалтып алады. Көп жыл қалада жүріп-жүріп, уақыттарын жоғалтып ауылдарына қайтып жатады. Өкінішті-ақ! Керісінше ауылда жағдайын жақсартып алып, содан соң қалаға келсе болады».

Мейлі таңдауға талас жоқ. Өз еркіңіз. Алайда ауылда туып, қалада өсіп жатқандардың кейбірінің уақытша еңбекке еніп кеткені алаңдатып отыр үлкендерді. Қолда түскен қомақты қаржыға қуанудың қажеті жоқ дейді жанашырлар. Өйткені құжатсыздықтың соңы құрдымға түсіріп жатыр.

Қайрат Төлебаев, облыстық жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма бастығы: «Ертеңгі күні ол мемлекетке салық төлеп жатқан жоқ. Өзінің зейнетақы қорына қаржы түсіп жатқан жоқ. Жұмыс берушілер біздің жастардың еңбегін қанап жатыр».

Енді осындай қызу талқылаулар жиі болады. Облыста «Серпін» атты қоғамдық-саяси интеллектуалды пікір-сайыс клубы өз жұмысын бастады. Күй атасы Құрманғазының осылай аталатын күйіндегідей серпінмен жұмыс істейді деп сенейік оны құрған қауымға.