Шымкентті күл-қоқыстан арылтайық

321
Шымкентте ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары басталды
 Шымкентте ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары басталды
Шымкентте ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары басталды

Шымкент қаласындағы өзендердің арнасын, оның жағалауын күл-қоқыстан арылту жұмыстары басталып кетті. Бүгін «ЛТД Тұрмыс»  мекемесінің арнайы техникасы Гагарин көшесінде жоспарлы жұмыс атқаруда. Олардың міндетіне 4 өзеннің, Қошақар ата, Жаңашек, Қарасу, Шымкент каналдарын тазалау міндеті жүктелеген. Бұл орайда күрделіліктер де жоқ емес.

Асхат Әбдрешов, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС -нің бас механигі: «Өзеннің арнасын, жағалауын тазалау оңай емес. Адамдар қоршап, қосымша құрылыс салып тастаған. Жағалауды тазалаймыз деп келсек, техникамыз кіре алмай әбден әбігерге түсеміз. Ал жұмыстың көлемі  арнайы техниканы талап етеді. Аулаларына кіргізбейді. Сосын жауында су аулаларын алып кетсе, барлық мекемелерді тік қояды. Алдын алу шараларына тұрғындар немқұрайлы қарайды».

Сондай-ақ, бұл мекемеге Абай ауданына қарасты көше бойындағы арық- атыздарды тазарту міндеті жүктелген. Алайда, Темірлан тас жолы бойындағы көше жиегіндегі лотоктар көлік тұрағы орнына айналған. Ондағы қоқысты жинап алу коммуналшыларға қиынға соғуда.

Қазіргі таңда қаладағы өзге де коммуналдық мекеме қызметкерлері /» Байтерек ЛБ», «Гордорстройсервис»/ көше жолдарын қыстан қалған инертті заттардан тазартуда. Бұл тазалық шарасына коммерциялық нысандардың қызметкерлері мен сол аумақтағы тұрғындар атсалысса,  қаламыздың көркі ажарлана түсетіні анық.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Y5h5DsbUMQg[/youtube]